АРАЛДА «КӨКАРАЛ» БАЛЫҚ КОНСЕРВІЛЕУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Ақбасты елді мекеніндегі сапары барысында жаңадан іске қосылған «Көкарал» балық консервілеу цехының жұмысымен танысты.
Халыққа сапалы балық консервілерін ұсынуды мақсат етіп, шалғай ауылдан осындай тың бастама көтерген кәсіп иесіне аудан басшысы ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.
Ауыл азаматы Ернар Құлжанов өз бастамасын жүзеге асыру бағытында 600 мың теңге қайтарымсыз несиеге қол жеткізген болатын. Бүгінде толықтай іске қосылған цехтан күніне 40 дана консерві шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қосымша екі адам жұмыспен қамтылатын болады.
Атап өту қажет, бүгінде аудан бойынша балық өнімдерінің 13 түрі шығарылып, жылдық қуаты 20 мың тоннаға жуық 8 балық өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеп тұр.
 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика