Қызылорда облысының Цифрлық технологиялар басқармасымен 2019 жылы атқарылған жұмыстар

Цифрландыру бағыты бойынша

2019 жылы «Білім беру», «Денсаулық сақтау», «Көлік», «Қауіпсіздік», «ТКШ», «Қалалық басқару», «Экология», «Ауыл шаруашылығы», «Әлеуметтік сала» сияқты 9 бағыт бойынша 29 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Оның ішінде:

- жергілікті бюджет есебінен – 19 жоба;

- мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында (одан әрі - МЖС) - 5 жоба;

- жеке инвестор қаражаты есебінен – 1 жоба;

- республикалық бюджет есебінен – 1 жоба;

- қаржыландыруды талап етпейтін – 3 жоба.

Бүгінгі таңға жоспарланған жобалардың 18-і толық аяқталды, 2 жоба аяқталу кезеңінде, қалған 9 жоба келесі жылдарға ауыспалы.     

Жүзеге асырылған жобалар бойынша:

Білім беру саласында колледжге түсуге үміткерлердің өтінімдерін қабылдау, онлайн-тестілеу тапсыру және техникалық, кәсіби білім беру ұйымдарында гранттарды бөлу процестері толығымен автоматтандырылды.

    Сонымен қатар, жұмыс берушінің бос қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес іріктеп, тестілеуден өткізетін мұғалімдер мен қызметкерлер құрамын жұмысқа алу бойынша жүйе енгізілді. Бұл өз кезегінде кадр іріктеу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмайды.

    Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында жаңа Жастар ресурстық орталығы ашылып, онда IT парк жұмыс жасауда. Осында 2019 жылы республика бойынша бірінші болып облыс жастарына арналған веб-бағдарламалау негіздері бойынша IT-Эшелон тегін оқыту жобасы сәтті жүзеге асырылды. Оқуға 14 пен 35 жас аралығындағы 200-ден аса адам қатысты. Нәтижесінде белсенді қатысушылармен IT саласында 8 стартап жобалар жасалды.

    IT парк базасында резиденттермен бағдарламалық өнімдер жасалып, оқу курстары ұйымдастырылуда, осы тұста айта кететіні, әлеуметтік осал топтардан шыққан балалар үшін оқу тегін жүргізіледі.

    Денсаулық сақтау саласында медициналық анықтамалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 медициналық анықтама (086/у, 083/у, 095/у және жұмысқа жарамсыздық парағы)  автоматтандырылып, QR-код берілді. Анықтамалардың шынайылығын Дамумед мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Бұл жоба денсаулық сақтау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

    2020 жылы тағы 3 медициналық анықтаманы (35-2/у, 079/у, санаторлы-курорттық карта) автоматтандыру жоспарлануда.

    Көлік саласында бейнекамералармен және GPS-құрылғылармен жабдықталған қалалық жолаушылар көлігінде электронды билеттеу жүйесі жуық арада енгізілетін болады. Жобаны жүзеге асыру үлкен қаржы көлемін талап ететіндіктен МЖС аясында жүзеге асырылуда.

    Аталған жобаны іске қосу барлық автобустардың қозғалысын бақылап отыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде «Ақылды аялдамалар» жобасының жүзеге асырылуына жол ашпақ.

    Қауіпсіздік саласында елімізде алғаш болып «112 - Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметін» құру бойынша жобаны іске қостық. Жоба барлық жедел қызметтерді (101,102,103,112 қызметтері) «112» қысқа номеріне бір қоңырау шалу арқылы шақыруға, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және жедел қызметтердің өзара қарым-қатынасын реттеуге, сондай-ақ жедел қызметтердің ресурстарын тиімді пайлана отырып, әрекет ету уақытын қысқартуға бағытталған. Өткен жылдың барысында 15 аймақтың өкілдері аталған жобаны зерттеу және тәжірибе алмасу үшін өңірімізге келді. 2019 жылы жүйенің функционалы барлық аудан орталықтарына дейін кеңейтілді. Қазіргі таңда жоба тестілеу сатысында және қолданысқа дайын.

     ТКШ саласында тұтынылатын және жеткізілетін коммуналдық қызметтерді мониторингілеу және бақылау шығындарын азайту, сонымен қатар ақпарат жинақтаушы мекеменің еңбек шығындарын азайту мақсатында тұрғын үй қоры мен ТКШ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесін ендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «Қызылорда Тазалығы» ЖШС көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары арасында «е-ПИК» бағдарламасына 300 үйді қосу жобасы жүзеге асырылды.

Қалалық басқару саласында тұрғындардын шұғыл емес сипаттағы бағыттар бойынша өтінімдерін өңдеу үшін «109-бірыңғай байланыс орталығы» қолданысқа енгізілді. Бұл абаттандыру,көркейту мәселелері, электрмен, жылумен, сумен жабдықтау қызметтері, ашық люктер мәселелері,қоғамдық көлік, ПИК қызметі және тағы басқалар.

Бұрын қала тұрғындарына бұл мәселелерді шешу 80-нен астам телефон нөмірлерін білу қажет еді. Ал қазір өтінімдер тек бір бірыңғай 109 нөмірі бойынша қабылданадып, автоматты турде тиісті ұйымдарға жіберіледі.

Ауыл шаруашылығы саласында Ж.Жиенбаев атындағы өсімдіктерді қорғау және карантин ҰЗИ мен «Акмая» шаруа қожалығы дәл егіншілік элементтерін қолдана отырып, бірлескен жобаны  іске асырды. Нәтижесінде шаруа қожалығының өнімділігі 50%- ға артты.

Ж. Махамбетов ауылында испандық технология негізінде көкөніс өсіретін заманауи автоматтандырылған жоғары технологиялық жылыжай кешені іске қосылды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында қызанақтың алғашқы өнімін жинау жоспарланып отыр.

Жобалық басқару бойынша

Бекітілген Ережеге сәйкес, «Жобалық басқару» бөлімі мемлекеттік органдарда жобалық басқару саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты республикалық және жергілікті деңгейде үйлестіреді. Өңірлік деңгейде жобалық басқару бөлімі 2019 жылы келесі жұмыстар жүргізді.

2019 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінен 157 жобалық бастама қарауға түсті.

Барлық түскен бастамалар бойынша мазмұны мен мағыналық құрылымы бойынша жобаларды пысықтауға, үлгілік нысандарды рәсімдеуге және жобалардың презентациясын дайындауға әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес көмек көрсетілді. Бекітілген нысанға сәйкес келмейтін, қаржыландыру мәселесі шешілмеген, енгізудің өзектілігіне сәйкес келмейтін бастамаларды өтінім берушілерге кері қайтарылды.

Облыстық жобалық кеңсенің отырысына материалдар дайындау бойынша жұмыс жүргізілді. Бөлім 2019 жылы Облыстық жобалық кеңсенің 13 отырысын өткізуді ұйымдастырды. Облыстық жобалық кеңсенің қарауына 65 жаңа бастамалардың жобасы (оның ішінде 59 жоба іске асыруға мақұлданды, 6 жоба кері қайтарылды), 17 жобаның қорытынды есептері, 2 жобаның басқару кестесіне өзгерістер енгізу ұсынылды.  

Барлық мақұлданған жобалар «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктеуге жолданды. Осылайша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 70 жоба іске асырылуда (2018 жылдан ауыспалы 11 жоба және 2019 жылдың басынан мақұлданған 59 жоба).

2019 жылы басым жобалар бойынша облыс әкімі жанындағы Эксперттік Кеңестің 2 отырысы өткізілді. Эксперттік Кеңес отырысына бөліммен жобалық басқару бойынша 2019 жылдың  9 айында атқарылған жұмыстар туралы есебін және «Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының коммуникацияларын құру «Ашық әкімдік» жобасының презентациясы ұсынылды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 17 жоба аяқталды, 3 жоба бойынша іске асыру жоба бастамашыларының бастамасы бойынша тоқтатылды, 3 жоба объективті себептер бойынша ақпараттық жүйеден алынып тасталды.

Бөлім «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктелген барлық жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайына тұрақты талдау жүргізеді, орындау мерзімін бақылау және растаушы құжаттардың уақтылы жүктелуін қамтамасыз етеді.

Жобалық бастамалардың сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 15 мамыр мен 7 маусым аралығында бөлім облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері үшін жергілікті жерлерге барып жобаларды әзірлеу бойынша әдістемелік-нұсқаулыққа сәйкес оқыту өткізді. Барлығы облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің 306 қызметкері (180 аудан әкімдігінен, 126 облыстық басқармалардан), оның ішінде бөлім басшылары, бас мамандар, ауылдық округ әкімдері оқудан өтті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында бөліммен «Әйтеке би кентіндегі мектеп-лицей жанындағы ұзартылған топ ұйымдастыру» жобасы бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы жобасының нәтижелері бойынша жобаны жүзеге асыру бойынша тексеру жүргізілді.

2019 жылы республикалық деңгейде жобалық басқару аясында өңірлерде Өмір сүру сапасын жақсарту бағыты бойынша «Ауыл ел бесігі» жобасы жүргізілуде, Қызылорда облысы бойынша 2 аудан орталығы (Жосалы, Жалағаш) анықталды. Орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл аясында бөлім 2 елді мекеннің (Жосалы, Жалағаш) үйлестіру жұмыстарын жүргізді, Жол карталарының егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу, келісу және «Битрикс-24» ақпараттық жүйесіне жүктеу жұмыстарын жүргізді.

«Битрикс-24» республикалық ақпараттық жүйесінде Жол карталарында көзделген жоспарланған іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 31 жоба аяқталды (жоспарланған 21, қосымша 10.)

Ай сайын бөлім облыс әкіміне Қызылорда облысында жобалық басқаруды енгізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат дайындайды.

Тұрақты негізде бөлім бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері аппараттарының өкілдеріне жобаларды әзірлеуге, рәсімдеуге және ұсыну тәртібіне қатысты мәселелер бойынша кеңес береді.

Мемлекетік көрсетілетін қызмет бойынша

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 189 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 2 403 978 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы  –  133 618 қызмет (5.6%);

- «Электрондық үкімет»  веб-порталы  және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 771 895  қызмет (32,1 %)(Ал, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы баламалы түрде көрсетілген қызмет үлесінен (1 369 254) алынған электрондық форматта көрсетілген қызметтер саны – 644 693 (47 %));

- мемлекеттік органдармен қағаз түрінде –1 498 465 қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі мерзім бұзушылық фактілері.

2019 жылдың қорытындысымен орын алған мерзім бұзушылықтар   саны – 22, оның 6-уы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысымен анықталған.

Аталған мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзып көрсеткені үшін  12 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (оның ішінде 2-не 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды).

Мемлекеттік қызмет сапасына арыз-шағым түспеген.

Ішкі бақылау шараларына қатысты.

2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 219 объекті қамтылды. Оның ішінде:

-      101 жергілікті атқарушы органдар;

-      118 ведомстволық бағынысты мекемелер каралып, 2067 заң бұзушылық фактілері анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 44 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (32-сіне – «Ескерту» түрінде, 11-на «Сөгіс» және 1-не «Қатаң сөгіс» түрінде) .

Тәртіптік жауапкершіліктері қаралған тұлғалардың – 14-і жергілікті атқарушы органдар қызметкері болса, 30-ы ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкері.

Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 322.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар – 10 533.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 194.

Электронды қызметтердің үлесін арттыру.

Электронды қызметтердің үлесін тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты ұйымдастырылып келеді.

2014 жылдан бері өткізілген 9 акцияға барлығы 31 519 адам қатысып, 534 ұтыс иегерлеріне 726 сыйлық (ұялы телефон, смартфон, планшет, ноутбук, телевизор) табысталды.

    2019 жылдың қараша айының  27-сі күні «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратында (бұдан әрі - ғимарат) мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Электрондық сандық қолтаңба беру және мерзімін ұзарту» акциясы өткізілді. Акция барысындатек 1 күнде 122 электрондық сандық қолтаңба алынды.

    Сондай-ақ, 2019 жылдың 30 қарашасы күні «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді насихаттау, электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру, тұрғындарды электронды санды қолтаңбамен қамту және қызмет алушылар мен қызметті көрсетушілер арасында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне түсіндірме жүргізу арқылы сенімді қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында облыстың барлық аудан орталықтарында

«Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты тұрғындармен «meet up» кездесулер өтті.

    Онымен қоса, 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында білім саласында 13 қызмет түрі автоматтандырылды.

 

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2019 жылдың 3 тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары
Цифрландыру бағыты бойынша 
2018 жылы өңірді цифрландыру аясында 29 жоба толық жүзеге асырылса,2019 жылы «Ақылды» қалалардың эталондық стандартына сәйкес9 бағыт бойынша28 жоба іске асырылуда.
Бүгінгі таңда жоспарланған жобалардың 8-і толық аяқталды, 11-і жыл соңына дейін аяқталатын болады, ал қалған 9келесі жылдарға ауыспалы жобалар.
Бұл бағытта басқарманың негізгі қызметі аталған жобаларды іріктеу, экономикалық тиімділігін анықтау, іске асырылу барысын мониторингілеу және орындалуын бақылау болып табылады.
Аталған жобалардың ішінде цифрлық технологиялар басқармасымен келесі жобалар жүзеге асырылуда:
«Қауіпсіздік» бағытында 2018 жылы «112-бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі-«112-БКДҚ») пилоттық жобасы Қазақстанда алғаш рет Қызылорда қаласында жүзеге асырылды. Жоба шұғыл ден қоюға және азаматтардың өтініштеріне жедел қызметтердің үйлесімді өзара іс-қимылына, сондай-ақ шұғыл жедел қызметтердің ресурстарын ұтымды бөле отырып, кешенді ден қою уақытын қысқартуға бағытталған.2019 жылы «112-БКДҚ» кеңейту, яғни, аудан орталықтарына енгізу жұмыстары жүргізілуде.
«Қалалық басқару» бағытында «109-бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі -«109-ББО»)жобасы жүзеге асырылуда.
«109-ББО» жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ЖКХ) мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды тәулік бойы қабылдауды жүзеге асыруғабағытталған.Өтініштер мен шағымдарды «109» қысқа нөмірі, сайт(онлайн-консультант), мобильдік қосымша, Telegram-бот және электрондық пошта арқылы қабылдау мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының 
52 тармағының(Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын құру)аясында«Өңірлік геоақпараттық жүйесі» жобасы жүзеге асырылуда. 
Жоба тұрғындарды, жергілікті атқарушы органдарды және аймақ туралы картографиялық ақпаратты бірыңғай ақпараттық ортаға біріктіруге, өндірушілер мен тұтынушылардың кеңістіктік деректермен ақпараттық өзара іс-қимылындағы кедергілер мен шектеулерді жоюға негізделген.Жоба ІІ кезеңмен жүзеге асырылады. Жобаны толық іске қосу 2020 жылдың соңына жоспарланған.
Осы бағытта ағымдағы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында «ІТ-Эшелон» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында Мәскеудің Яндекс, mail.ru, booking.com, Kazdream Technologies компанияларының білікті мамандарының қатысуымен 14-35 жас аралығындағы 
200 оқушыларға, студенттерге, жас ІТ мамандарға арналған 
ІТ нарығындағы Front-endжазуды (пайдаланушы интерфейсін әзірлеу) меңгеруге арналған оқу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ынталы жас қатысушылармен 8 стартап жоба әзірленіп, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына демеуші инвесторларды табуға ұсынылды.
Сонымен қатар, «Ақылды қала» компоненттерін бір мобильдік қосымшада жинақтау мақсатында «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасы әзірленіп, қазіргі тестілік сынамадан өткізілуде.
Мобильдік қосымшада тұрғындар мен қонақтар үшін әр түрлі сервистер (әкімдік сервистері, қала қызметтерінің сервистері (емханалар, мектептер, бақтар, коммуналдық қызметтер), басқа коммерциялық қызметтер)
интерактивті және ыңғайлы ұсынылатын болады.
 
Жобалық басқару бойынша
Бекітілген Ережеге сәйкес, Жобалық басқару бөлімімен ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында келесі жұмыстар жүргізілді. 
2019 жылғы 14 қазанындағы жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінен 141 жоба бастамалары келіп түскен. Оның ішінде 77 жоба жобалар тізілімінен алынып тасталды, 28 жоба пысықталуда.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында бөліммен Облыстық жобалық кеңсенің  отырысын өткізу ұйымдастырылды. Облыстық жобалық кеңсенің қарауына  «Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында «ZemControl» есепке алу мен мониторингтің электрондық нұсқасын енгізу жобасының  аяқталуы жөніндегі есебі, «Тереңөзек кентінде АГРС-тан «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан газ құбырын бұру-газ құбырын салу» жобасының басқару кестесіне өзгеріс енгізу және 6 жаңа бастамалар жобасы ұсынылды.
Осылайша, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесінде 47 жобаға мониторинг жүргізілуде (2018 жылдан бастап ауыспалы 11 жоба, 2019 жылдың басынан мақұлданған 36 жоба).
Жобалық басқару бөлімімен «Ашық әкімдік» жобасы әзірленуде, ол танымал әлеуметтік желілерде жеке аккаунттар құру және халықпен және қоғам өкілдерімен жеке бейресми кездесулерге қатысу арқылы жергілікті атқарушы органдардың қоғам өкілдерімен, халықпен коммуникациясын құруды көздейді.
Ай сайын бөлім облыс әкіміне Қызылорда облысында жобалық басқаруды енгізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат дайындайды.
Тұрақты негізде бөлім бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері аппараттарының өкілдеріне жобаларды әзірлеуге, ресімдеуге және ұсыну тәртібіне қатысты мәселелер бойынша кеңес береді.
 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша
Жалпы мәлімет.
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2019 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 192 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 847 738 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- 98 232 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы;
- 593 190 қызмет (35,3%) «электронды үкімет» веб-порталы арқылы;
- 1 156 266 қызмет - мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі мерзім бұзушылық фактілері. 
2019 жылдың 8 айы қорытындысымен орын алған мерзім бұзушылықтар   саны – 21, оның ішінде 6 мерзімбұзушылық ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысымен анықталған.
Аталған мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзып көрсеткені үшін                     11 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (оның ішінде 1-не 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды).
Мемлекеттік қызмет сапасына арыз-шағым түспеген.
Ішкі бақылау шараларына қатысты.
2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 187 объекті қамтылды. Оның ішінде:
- 86 жергілікті атқарушы органдар;
- 101 ведомстволық бағынысты мекемелер. 
Анықталған заңбұзушылық фактілер – 1902. 
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 38 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (27-сіне – «Ескерту» түрінде, 10-на «Сөгіс» және 1-не «Қатаң сөгіс» түрінде) .
Тәртіптік жауапкершіліктері қаралған тұлғалардың – 13-і жергілікті атқарушы органдар қызметкері болса, 25-сі ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкері.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 302.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар - 8641
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 145.
Электронды қызметтердің үлесін арттыру.
Электронды қызметтердің үлесін тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты ұйымдастырылып келеді.
2014 жылдан бері өткізілген 9 акцияға барлығы 31 519 адам қатысып, 534 ұтыс иегерлеріне 726 сыйлық (ұялы телефон, смартфон, планшет, ноутбук, телевизор) табысталды.
2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында білім саласында 13 қызмет түрі автоматтандырылды.
Онымен қоса, жыл соңына дейін қосымша 16 қызмет түрін автоматтандыру жоспарлануда.
 

 

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2019 жылдың 2 тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары
Жобалық басқару бойынша
Бекітілген Ережеге сәйкес, Жобалық басқару бөлімімен ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында келесі жұмыстар жүргізілді. 
2019 жылғы 5 шілдедегі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінен 128 жоба бастамалары келіп түскен. Барлық бастамашылық өтінімдер зерделенді, жобалық құжаттамаға сәйкес келмейтін (21), қаржыландыру мәселесі шешілмеген (9), енгізудің өзектілігіне сәйкес келмейтін (10) бастамашылық өтінімдер, пысықтауға жалпы 40 жоба кері қайтарылды.
Іріктелген 88 жоба бойынша жобалардың мазмұны мен мағыналық құрылымы бойынша жобаларды пысықтауға, үлгілік нысандарды рәсімдеуге және жобаларды дайындауға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша келіп түскен 128 жобаның ішінен 20 жоба Жобалық бастамашылардың бастамасы бойынша тізілімнен алынып тасталды, 73 жоба пысықталуда. 
Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында бөліммен Облыстық жобалық кеңсенің 4 отырысы өткізілді. Облыстық жобалық кеңсенің қарауына 6 жобаның аяқталуы жөнінде есептері шығарылды, 1 жобаны басқару кестесіне өзгерістер енгізу және 35 жаңа бастамалар жобасы (оның ішінде 31 жобаны іске асыруға мақұлданды: 2 қабылданбады, 2 жобаны пысықтау және кеңейту ұсынылды). Осылайша, ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 42 жоба іске асырылуда (2018 жылдан бастап ауыспалы 11 жоба, 2019 жылдың басынан мақұлданған 31 жоба).
Жобалық бастамалардың сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 15 мамыр мен 7 маусым аралығында бөліммен облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері үшін жергілікті жерлерге барып жобаларды әзірлеу бойынша консультациялық-әдістемелік оқыту өткізілді. Барлығы облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің 306 қызметкері (180 аудан әкімдігінен, 126 облыстық басқармалардан), оның ішінде бөлім басшылары, бас мамандар, ауылдық округ әкімдері оқудан өтті.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында бөліммен "Әйтеке би кентіндегі мектеп-лицей жанындағы ұзартылған топ ұйымдастыру" жобасы бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы жобасының нәтижелері бойынша жобаны жүзеге асыру бойынша тексеру жүргізілді.
Ай сайын Бөлім облыс әкіміне Қызылорда облысында жобалық басқаруды енгізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат дайындайды.
Тұрақты негізде бөлім бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері аппараттарының өкілдеріне жобаларды әзірлеуге, ресімдеуге және ұсыну тәртібіне қатысты мәселелер бойынша кеңес береді.
Цифрландыру бағыты бойынша 
2019 жылы "Smart city" тұжырымдамасының 11 бағыты бойынша 28 жоба жүзеге асырылуда.
Білім беру саласында цифрландыру бойынша қарастырылған қаражат аясында композиттік электрондық қызметтері бойынша мектептерге қабылдау, жеңілдетілген тамақтану, лагерьге жолдама беру және балаларды тасымалдау жобалары іске асырылуда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін пилоттық режимде білім беру саласында қызметкерлерді жұмысқа алу бойынша жоба іске асырылуда. Ол білім беру саласындағы бос жұмыс орындарының электрондық тізілімінен бос орындарға электрондық өтінім арқылы педагогтарды іріктеу кезінде адал бәсекелестік құруға мүмкіндік береді.
Орта және мектепке дейінгі білім беруді бейнекамералармен қамтамасыз ету бойынша 2019 жылы стандарт бойынша 27 мектепті камералармен жабдықтау жоспарлануда. Әлеуетті өнім берушімен келісім шартқа отыру сатысында.
Денсаулық сақтау саласында цифрландыру бойынша "Ауруларды басқару бағдарламасы" функциясы бар ДАМУ-МЕД мобильді қосымшасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. "10 ультрадыбыстық аппараттарды жеткізу және орнату арқылы денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту" жобасы бойынша МЖӘ шеңберінде конкурстық құжаттама әзірленуде.
Көлік саласында цифрландыру бойынша бейнекамералармен және GPS-құрылғылармен жабдықталған үлкенсыйымдылықтағы 120 автобус үшін "Электрондық билеттеу" жобасы жүзеге асырылуда. "Ақпараттық табло орнату" жобасы бойынша Қызылорда қаласындағы аялдамаларына                         26 ақпараттық табло орнатылады. 20 өткелде "Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі" жобасы іске асырылатын болады. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Қауіпсіздік саласында цифрландыру бойынша: МЖӘ механизмі бойынша бейнекамераларды орнатуға қойылатын ең төменгі талаптар бекітілгеннен кейін "Қызылорда қаласы ЖБО-да бейнекамералар орнату"                 (1400 бейнекамералар) жобасын іске асыру жоспарлануда. "ЖҚЕ тіркеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату, жаңғырту және қызмет көрсету" жобасы аясында МЖӘ механизмі бойынша ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеудің      31 жүйесін қосу жоспарлануда. "Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі" жобасы бойынша: бүгінгі күні әлеуетті жеткізушімен шарт жасалды, жеткізу күтілуде (129 планшет).
Сондай-ақ, "Е-УД" электрондық қылмыстық іс жүргізу үшін 24 автоматтандырылған жұмыс орны сатып алынады. 
ТҮКШ саласын цифрландыру аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, "Smart квартал" жобасын іске асыру үшін есептеу құралдарымен жабдықтау үшін биыл Қызылорда қаласында 170 көп қабатты үй анықталды. "Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыруды жаңғырту" МЖӘ жобасы бойынша 2019 жылдың шілде айының соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы тарапынан сараптама жасалады деп күтілуде. Жоба 2019-2020 жылдары жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қызылорда қаласы бойынша 300 үйді "е-КСК" жүйесіне қосу жоспарлануда.
Бизнес саласын цифрландыру аясында "Өңірлік геоақпараттық жүйе" жобасын іске асыру жоспарлануда, ол азаматтарға үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді, ал сапалы цифрланған карталар туристерге жерді зерделеуге, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. 
Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру аясында 2 жоба жүзеге асырылуда:
Агросекторда цифрлық технологияларды енгізу және кеңінен тарату мақсатында биыл Шиелі ауданының "Ақмая" ШҚ базасында "Akmaya Smart Farm" дәл егіншілігінің сандық платформасы әзірленді және жобаны іс жүзінде іске асыру басталды.
Ағымдағы жылы көкөніс (қызанақ) өсіретін заманауи "Автоматтандырылған жоғары технологиялық жылыжай кешені" бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні испан әріптестерімен бірге жылыжай салынды.  
Әлеуметтік саланы цифрландыру шеңберінде: "Электрондық еңбек биржасы және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (e-HR)" республикалық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ақылды басқару бағыты бойынша: "Smart Қызылорда" жобасы арқылы шығындарды және ресурстарды тұтынуды төмендететін, қалалық қызметтердің сапасын, өнімділігін және интерактивтілігін арттыру, жұмыстарды ұйымдастыру және азаматтар мен әкімдік арасындағы байланысты жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мобильді қосымша тестілеу сатысында.
"112 бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметі" жобасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде келісім-шарт жасалды және облыстың барлық аумағында 112 қызметінің жұмыс істеуін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. "109 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі" жобасы бойынша әлеуетті өнім берушімен шарт жасалды.
Веб-бағдарламалау саласындағы фронтенд әзірлемелерге оқыту бойынша "ІТ-Эшелон" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба 6 айға есептелген. Жобаның құрамдас бөлігі кәсіпкерліктің базалық дағдыларына оқыту болып табылады. Жобаның жас құрамы 14-тен 35 жасқа дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2019 жылдың 1-жартыжылдығына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 192 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 231 667 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- 74 142 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы;
- 1 021 030 қызмет (92,6%) электронды түрде –, оның ішінде онлайн «электронды үкімет» веб-порталы және «ДамуМед» КМАЖ арқылы  -  388 889 қызмет (35,3%);
- 532 153 қызмет (57,9 %.) – өзге де ақпараттық жүйелер арқылы;
- 119 451 қызмет - мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде, оның ішінде 112 037 қызмет баламасыз түрде тек мемлекеттік органдар арқылы.
Көрсетілген қызметтердің салааралық қатынасы келесідей:
942 496 қызмет (76,5%) – денсаулық сақтау саласында көрсетілген;
93 144 қызмет (7,6%) – әлеуметтік қорғау саласында;
75 727 (6,1%) – ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында;
62 083 (5,0%) – білім беру саласында;
22 262 (1,8%) – АХАТ саласында;
10 575 (1,0%) – құрылыс, сәулет және қалақұрылысы саласында;
9 604 (0,9%) – жер қатынастары саласында;
15 770 (1,3%) – басқа да салаларда.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі мерзім бұзушылық фактілері. 
2019 жылдың 5 айы қорытындысымен орын алған мерзім бұзушылықтар   саны – 13, оның 7-уі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысымен анықталған.
Аталған мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзып көрсеткені үшін 8 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (оның ішінде 1-не 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды).
Мемлекеттік қызмет сапасына арыз-шағым түспеген.
Ішкі бақылау шараларына қатысты.
2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 140 объекті қамтылды. Оның ішінде:
- 64 жергілікті атқарушы органдар;
- 76 ведомстволық бағынысты мекемелер. 
Анықталған заңбұзушылық фактілер – 1418. 
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 31 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (22-сіне – «Ескерту» түрінде, 9-на «Сөгіс» түрінде) .
Тәртіптік жауапкершіліктері қаралған тұлғалардың – 9-ы жергілікті атқарушы органдар қызметкері болса, 22-сі ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкері.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 208.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар - 7684
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 225.
Электронды қызметтердің үлесін арттыру
Электронды қызметтердің үлесін арттыру.
Электронды қызметтердің үлесін тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты ұйымдастырылып келеді.
2014 жылдан бері өткізілген 9 акцияға барлығы 31 519 адам қатысып, 534 ұтыс иегерлеріне 726 сыйлық (ұялы телефон, смартфон, планшет, ноутбук, телевизор) табысталды.
2019 жылы білім саласында 13 қызмет түрі автоматтандырылды.
Онымен қоса, жыл соңына дейін қосымша 16 қызмет түрін автоматтандыру жоспарлануда.
 
 
 

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2019 жылдың 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары

Жобалық басқару бойынша
Бөлімнің бекітілген ережесіне сәйкес, Жобалық басқару бөлімімен ағымдағы жылдың 1тоқсанында төмендегідей жұмыстар атқарылған.
2019 жылдың басына Облыстық жобалық кеңсенің жобалар портфелі 2018 жылдың өтпелі 47 жобаны құрады. 2019 жылдың 1 тоқсанында 23 жоба аяқталды, оның ішінде 3 басым жобалар. 
2019 жылдың 1 сәуіріне бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдіктерінен қарауға барлығы 41 жобалар келіп түсті. Барлық бастамашылық өтінімдер зерделеніп, типтік жобалық құжаттарға сәйкес еместері, қаржылық мәселелері шешілмегендері ендірудің маңыздылығы  сәйкес келмейтін жобалар ұсынушыларға пысықтау үшін кері қайтарылған. 
Іріктеліп алынған жобалар бойынша жобаны әрі қарай пысықтау мақсатында жобаның мазмұны мен құрылымы, типтік нысандар бойынша толтырылуы және жобаның презентациясын әзірлеу бойынша кеңестік-әдістемелік көмек көрсетілді. 
Облыстық жобалық кеңсенің отырысына материалдар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына бөліммен Облыстық жобалық кеңсенің 4 отырысын өткізу ұйымдастырылды. 
Облыстық жобалық кеңсе мүшелерінің талқылауына 23 жобаның қорытынды есептері, 8 жобаның басқару кестесіне өзгеріс енгізу ведомостері және 5жаңа бастамалар жобалары ұсынылған(оның ішінде 3жоба мақұлданды:1 жоба кері қайтарылды, 1 жоба қайта қарауға жіберілді).Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 27 жоба жүзеге асырылуда (24 жоба 2018 жылдың өтпелі жобалары, 3 жоба 2019 жылда мақұлданған жобалар).
Бөліммен жобалардың жүзеге асырылуына тексерістерді ұйымдастыру мен жүргізу ережесіне сәйкес Қызылорда қаласының «Қызылорда қаласындағы №5 «Шаттық» балабақшасында инклюзивті топтарды ұйымдастыру»жобасының қол жеткізілген нәтижелері бойынша тексеріс жүргізілді. 
Жобаларды басқару кестесіндегі іс-шаралардың орындалу уақыттары бойынша кемшілік жіберген жобалар бойынша, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесе отырып 8 жобаның басқару кестесіне өзгеріс енгізу ведомостін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.Жобалардың басқару кестесіне түзету енгізу бойынша жұмыстары жүргізіліп, өзгеріс енгізілген ведомостер «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктеуге жолданды.
Ай сайын бөлім облыс әкіміне Қызылорда облысында жобалық басқаруды ендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат дайындайды. 
Бөліммен тұрақты түрде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жобаларды әзірлеу, рәсімдеу және тәртібі бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Цифрландыру бағыты бойынша 
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 ақпандағы №827 қаулысымен бекітілген) және «Smart city» тұжырымдамасы аясында 2018 жылы Қызылорда облысы «Ақылды басқару» бағыты бойынша пилоттық аймақ болып таңдалды.
2018 жылы төмендегі салалар бойынша 3,5 млрд. теңге сомаға 29 жоба жүзеге асырылды:
Іске асырылған жобалар:
Білім беру саласы - 7 жоба («Электронды күнделік», «Электронды балабақша» Автоматтандырылған жүйесі, Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған онлайн-сабақтар, Робототехника зертханасы, Оқушылар сарайына арналған «3D зертхана», «IT iMAQORDA» ресурстық-әдістемелік орталығы, қала мен аудандарды 100% компьютерлік техникамен жабдықтау);
Денсаулық сақтау саласы – 5 жоба (GPS - санитарлық автокөліктің мониторингі, «Патронажды медбике» және «Ерте жастағы балаларды күту» мобильді қосымшалары, Телемедицина, Медициналық ақпараттық жүйелер, Электронды жазба және электронды кезек);
Қауіпсіздік саласы – 3 жоба (Е-қылмыстық іс, Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі, 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі);
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы - 2 жоба (Қауіпсіз үй, Коммуналдық қызметтердің бірыңғай төлем құжаты);
Ауыл шаруашылығы саласы - 3 жоба («MOBI-VET» мобильді қосымшасы, Агробиржа, Мал шаруашылығы саласында сандық технологияларды енгізу);
Қалалық басқару саласы – 6 жоба (Бірыңғай ситуациялық-талдау орталығы, Қызылорда қаласында IT паркін құру, Қызылорда қаласында «Мобильдік кітапхана», Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра нысандарының 3D форматында интерактивті картасын құру, Қызылорда облысының 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-кодтар орнату, Қызылорда облысының құрылыс саласындағы бақылау, мониторинг және кеңес берудің электрондық платформасын енгізу);
Бизнес саласы - 3 жоба (Геоақпараттық сервис, «КASIPKER-ONLINE» зияткерлік онлайн бизнес-ассистентін енгізу, Жер қызметтерін көрсету бойынша автоматтандырылған сервис);
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесі» жобасы іске асырылды. Облыс бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымы (бұдан әрі- МБҰ) 100% қамтылды. 2018 жылдың маусым айынан бастап электронды балабақша ақпараттық жүйесін енгізу нәтижесінде мектепке дейінгі балабақшаларда 200 миллион теңге үнемделді және бюджетке қайтарылды.
Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау жүйелерімен қамтамасыз ету аясында «112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» жобасы іске асырылды. Қызылорда қаласы бойынша барлық қызметтер бірыңғай диспетчерлік қызметке қосылған. Қазіргі таңда қоңыраулар 112 нөмірі бойынша қабылданады. 2019 жылы жүйені аудан орталықтарында енгізу жоспарлануда.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыруды қамтамасыз ету шеңберінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша Медициналық ақпараттық жүйелер (бұдан әрі МАЖ) жобасы іске асырылды. Осы жобаны енгізумен облыс бойынша МАЖ қамту 100% құрады, пациенттердің орташа келу саны 9-дан 6-ға дейін қысқарды, аймақтық денсаулық паспорттарының толтырылған саны-734028, бұл тіркелген халықтың жалпы санының 95,8% құрайды (768835 адам).Бүгінгі күні 114 нысан (121 нысанның) электрондық форматқа ауыстырылды. Медициналық мекемелердің электрондық форматқа толық көшкен кезде емделушімен медицина қызметкерлерінің уақыты 50% - ға үнемделеді және сараптама нәтижелерін алу уақыты 2 есе қысқартылады.
Аймақтағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында облыстың 
77 мемлекеттік органы мемлекеттік жекешелік әріптестік (бұдан әрі- МЖӘ) механизмі аясында «Талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізу» жобасы іске асырылды. Жоба есебінен телекоммуникация қызметтеріне сұранысты қанағаттандыруға және облыстық және аудандық орталықтардың мемлекеттік органдарының жоғары жылдамдықты және қорғалған интернет қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыспалы және іске асырылып жатқан жобалар бойынша 
2019 жылға 52 жоба жоспарланып отыр, оның 13-і ІТпарктің іс-шаралары аясында іске асырылатын болады.
Алдын ала қаржы көздері бойынша бюджеттік инвестициялар бойынша-24 жоба,  МЖӘ механизмі - 9 жоба, жеке инвестордың қаражаты есебінен – 
5 жоба және қаржылық шығынсыз – 1 жоба жоспарланған.
Көлік саласы бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған.
Атап айтқанда, қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру, төлемді қабылдау процесін сәйкестендіру, жолаушылар ағынын диспетчерлендіру және мониторингілеу мақсатында МЖӘ аясында мемлекеттің қатысуынсыз «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жүйесін орнату» жобасы жүзеге асырылатын болады. Жобадан күтілетін әсер көлік ұйымдарының жыл сайынғы табысы 270 млн.теңгеге артады.
Ауыл шаруашылығы саласында 2 жобаны іске асыру жоспарланған.
Дәл егіншілік элементтерін енгізу кезінде Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Шиелі ауданында «Ақмая» шаруа қожалығында оң нәтижелер алу күтілуде.
Бұдан басқа, инвестордың өз қаражаты есебінен Қызылорда қаласының Ақсуат ауылында «900 тонна қызанақ өсіру бойынша өнеркәсіптік жылыжай құрылысы» жобасын енгізу жұмыстары аяқталуда.
Жобаларды тиімді іске асыру мәселелері әзірленуде:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 2 жоба, оның ішінде МЖӘ механизмі бойынша 1 жоба (Smart квартал, Қызылорда қаласының көшені жарықтандыруды жаңарту үшін, шамдарды интеллектуалды басқару жүйесі бар жарықдиодты шамдарға ауыстыру «Қызылорда қаласының көшені жарықтандыруды жаңарту» жобасы жоспарлануда»)
- Қауіпсіздік саласында МЖӘ арқылы 2 жоба (ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеудің автоматты жүйесін орнату, Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесін кеңейту).
Білім беру саласын цифрландыру мәселесі бойынша орта және техникалық-кәсіптік білім берудің 12 электрондық қызметін енгізу көзделіп отыр. Мектепке қабылдау бойынша композиттік электронды қызметтер, тегін тамақ беру, лагерьге жолдама беру және балаларды тасымалдау секілді қызметтерді автоматтандыру жоспарлануда.
Алдағы уақытта әр түрлі салаларда жұмысқа персонал алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба Қызылорда қаласының білім саласында пилоттық режимде іске асырылуда. Ол бос қызмет орындарға педагогтарды іріктеу кезінде  электронды тізім арқылы адал бәсекелестік құруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні фронтендты веб-бағдарламалау саласындағы әзірлемелерге оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба 6 айға есептелген. Жалпы алғанда, 72 онлайн сабақ және Қазақстан мен Ресей елдерінде mail.ru, tinkoff, kompra.kz, және Idoctor.kz, Kazdreemtechnologies, Сhocofamily секілді дамыған IT компанияларының өкілдерімен 24 «meet-up» сарапшы баяндамалары жоспарланған. Жобаның құндылықтарының бірі кәсіпкерліктің негізгі дағдыларын үйрету. Жобаның жастық құрамы 14 жастан 35 жасқа дейін. Жоба аясында балалар ауылының тәрбиеленушілері, облыс орталығының жұмыспен қамтылған және жұмыссыз жастарыда қамтылады.
Қалалық қызметтердің интерактивлігін, өнімділігін және сапасын көтеру, шығындарды азайту, ресурстарды тұтыну және әкімдік пен тұрғындар арасында байланыс жақсарту мақсатында «Smart Кызылорда» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2018 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары

Жобалық басқару бойынша
Бөлімнің бекітілген ережесіне сәйкес, Жобалық басқару бөлімімен 2018 жылы төмендегідей жұмыстар атқарылған.
2018 жыл бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдіктерінен қарауға барлығы 120 жобалар келіп түсті. Оның ішінде 80 жоба кеңсе отырысына ұсынылды. Барлық бастамашылық өтінімдер зерделеніп, типтік жобалық құжаттарға сәйкес еместері, қаржылық мәселелері шешілмегендері ендірудің маңыздылығы  сәйкес келмейтін жобалар ұсынушыларға пысықтау үшін кері қайтарылған.
Облыстық жобалық кеңсенің отырысына материалдар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бөліммен 2018 жылға Облыстық жобалық кеңсенің 15 отырысын өткізу ұйымдастырылды. 
Барлық мақұлданған жобалар «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктеуге жолданды. Осылайша 2018 жыл қорытындысы бойынша 75 жоба жүзеге асырылуда (4 жоба 2017 жылдан өтпелі және 71 жоба 2018 жылдың басынан бері мақұлданғандар).
2018 жылы облыс әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңестің 3 отырысы өткізілді. Бөліммен облыс әкімінің орынбасарының жобалық басқару бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі әзірленді.
Бөліммен «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктелген 75 жоба бойынша ағымдағы жағдайғаталдау, орындалу мерзімін бақылау мен дәлелдейтін құжаттардың уақытылы жүктелуін қамтамасыз ету тұрақты жүргізіліп отырады. 
Сонымен қатар, бөліммен жобаларды басқару кестесіндегі іс-шаралардың орындалу уақыттары бойынша кемшілік жіберген жобалар бойынша, 21 жобаның басқару кестесіне өзгеріс енгізу ведомостін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлық 21 жоба бойынша жобаларды басқару кестесіне өзгеріс енгізу мақұлданып, «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктеуге жолданды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқаруды ендірудің Орталық штабымен және Ұлттық экономика министрлігінің жобалық басқаруды ендірудің Үйлестіруші штабымен  қарым-қатынас аясында, 2018 жылға бөліммен облыстық басқармалардың нысаналы индикаторларын, аймақтың бастамалық жобаларының жете жоспарларын және тиімділіктің түйінді көрсеткіштерін министрліктердің орталық ендіру штабтарымен келісу бойынша үйлестіру жұмыстары жүргізілді. 
«БИТРИКС-24» жүйесінде аймақтың 2018 жылға 10 жобаның 38 бастамалары бойынша егжей-тегжейлі жоспарларының орындалу мониторингісі күнделікті жүргізілді.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқаруды ендіру мәселелері бойынша 33 селекторлық отырысына қатысу үшін жобалық басқаруды ендірудің өңірлік штабының жетекшісі Е.Г. Кимге материалдар әзірленді. 
Бөліммен Жобалық басқаруды ендірудің өңірлік штабын шақыруды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі, жобалық басқаруды ендірудің орталық штабының хаттамалық тапсырмаларының және өңірлік штабтың кураторы-облыс әкімінің орынбасары Е.Г. Кимнің тапсырмаларын сапалы және уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асырады. 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.А. Сағынтаевтың қатысуымен өткен селекторлық отырысына Қызылорда облысының мемлекеттік органдарында жобалық басқаруды ендіру бойынша 2018 жылдың І тоқсаны, І жарты жылдығы, 9 айлық қорытынды есебіне облыс әкімінің баяндамасы әзірленді. 
Бөліммен тұрақты түрде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жобаларды әзірлеу, рәсімдеу және тәртібі бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізіліп отырады.
 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 195 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
88 қызмет түрі – Мемлекеттік корпорация;
94 қызмет түрі - «электронды үкімет» веб-порталы; 
46 қызмет түрі – тікелей мемлекеттік органдар арқылы көрсетіледі.
2018 жылдың қорытындысымен 195 қызмет түрі бойынша барлығы 2 127 261 қызмет көрсетілді (2017 жылы – 2 708 536).
Оның ішінде:
- 130 334 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы (2018 жылы – 177 241, яғни 26,5%-ға азайған, азаю себебі электронды қызметтер үлесінің артуына байланысты).
- 1 228 953 қызмет – электронды түрде (2017 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артқан). 
2018 жылы электронды қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының  30 пайызын құрауы жоспарланған.
Аталған көрсеткішке жету мақсатында төмендегідей жұмыстар жүзеге асырылды.
Электронды қызметтердің үлесін тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты ұйымдастырылып келеді.
2014 жылдан бері өткізілген 8 акцияға барлығы 28 289 адам қатысып, 506 ұтыс иегерлеріне 690 сыйлық (ұялы телефон, смартфон, планшет, ноутбук, телевизор) табысталды.
Мемлекеттік корпорация мен портал арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатында жыл сайын тиісті жоспар-кесте бекітіліп, оның орындалуы тоқсан сайын қадағалануда. 
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер бағытында өткізілген курс аясында 20439 тұрғын оқытылды.
Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру мақсатында 10 мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестеріне реинжиниринг жүргізілді.
Нәтижесінде, электронды көрсетілген қызметтердің үлесі 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артып (2018 жылы -1 228 953).
Жалпы, жоғарыда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысымен электронды көрсетілген қызметтердің үлесі 79%-ды құрады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі мерзім бұзушылықтарды азайту мақсатында, мерзім бұзушылық фактілерін 2017 жылмен салыстырғанда 20%-ға азайту жоспарланып (2017 ж. орын алған мерзім бұзушылық саны - 67), нәтижесінде 2018 жылдың орын алған мерзім бұзушылықтар (2018 ж. - 14) 2017 жылмен салыстырғанда 4,8 есе азайды.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процестерін оңтайландыру және жетілдіру және сапасын арттыру бойынша орталық мемлекеттік органдарға 50-ден астам ұсыныс жолданып, аталған мәселелерге қатысты  4 мәжіліс ұйымдастырылды.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 308, оның 90-ы мақала.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар - 7684
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 225.
2019 жылға жоспарланған міндеттер:
- жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы қызметті көрсетуші тұлғалардың қызметті көрсетуге қатысты нормативтік құқықтық актілерді білу деңгейін анықтау және біліктіліктерін арттыру мақсатында онлайн-тестілеу жұмыстарын жүргізу;
- жер қатынастары мен сәулет, құрылыс және қала құрылысы салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша аудандар мен Қызылорда қаласында «ашық есіктер», «meet up» кездесулер өткізу (кездесулерде тұрғындарға онлайн қызмет түрлері бойынша түсіндірмелер беру, «Digital Agent» қосымшасын пайдалануды насихаттау және т.б.);
- Digital ХҚКО» базасында қызмет алушылармен «open areas» өткізу;
- мемлекеттік орган қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «дөңгелек үстелдер», көшпелі семинарлар  өткізу. 
 
Цифрландыру бағыты бойынша 
Цифрландыру және Смарт сити
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «SmartСity» тұжырымдамасы аясында 2018 жылдың басында 4,8 млрд.теңге қаржыға
40 жобаның тізілімі жасалды.
Жоғарыда көрсетілген жобалар 10 бағыт бойынша жүзеге асырылады, оның 5 «SmartCity» тұжырымдамасының негізгі бағыттары болып табылады, атапайтқанда: денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, көлік, қауіпсіздік.
2018 жылдың қорытындысы бойынша 29 жоба аяқталып, 11 жобаның орындалуы 2019 жылға ауыстырылды.
2018 жылы салалар бойынша іске асырылған жобалар: білім беру саласында - 7 жоба, денсаулық сақтау саласында - 5 жоба, қауіпсіздік саласында - 3 жоба, ТКШ саласында - 2 жоба, ауыл шаруашылығы саласында - 3 жоба, қалалық басқару саласында - 6 жоба, бизнес саласында - 3 жоба.
2019 жылға ауыспалы 11 жоба төмендегі салалар бойынша:
- көлік саласында-3 жоба, оның ішінде МЖӘ механизмі бойынша - 1 жоба;
- ТКШ саласында -2 жоба, оның ішінде МЖӘ механизмі бойынша - 1 жоба;
- қауіпсіздік саласында - МЖӘ механизмі бойынша - 2 жоба;
- инвестордың бастамасы бойынша ауыл шаруашылығы саласында - 2 жоба, сондай-ақ қалалық басқару және денсаулық сақтау салаларында МЖӘ механизмі бойынша біржобадан іске асырылатын болады.
Жоғарыда көрсетілген жобаларды сапалы іске асыру мақсатында «Цифрландыру кеңсесінің» құрамы бекітілді (28.05.2018 жылғы №11-4/1-38 бұйрығымен өзгерістер). Кеңсе100% ІТ мамандардан  тұрады.
Барлық негізгі бағыттар бойынша салалық облыстық басқармалармен бірге Жол карталары әзірленіп, KPI және экономикалық тиімділігі анықталды. Жол карталары уәкілетті орталық мемлекеттік органдармен (бұдан әрі – ОМО) келісіліп бекітілген. ОМО сұрауы бойынша 2 жол картасы қайта бекітілді (ТКШ және білім беру салалары бойынша). 
Цифрландыру бөлімі барлық жол карталарының «Битрикс24» ақпараттық жүйесіне жүктелуін қамтамасыз етті. 18 жоба бойынша барлығы 244 іс-шара. Әрбір іс-шараның уақтылы орындалуына мониторинг жүргізіледі.
ҚР Премьер-Министрі орынбасары А.Қ. Жұмағалиевтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес (2018 жылдың 14 маусымындағы №11-3/И-238) Қызылорда облысы қауіпсіздікті цифрландыру саласында «112 Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – 112 БКДҚ) жобасын енгізу бойынша пилоттық өңір болып таңдалды.
Осыған байланысты 112 БКДҚ-мен 101, 102, 103, 104, 112 жедел қызметтерін біріктіру үшін жұмыс аспектілері және басқа да ұйымдастыру-техникалық, талдау іс-шаралары зерделенді. Жобаны іске асыру кезінде шешім қабылдау жеделдігі мақсатында осы қызметтердің өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Заңнамалық актілерді түзету бойынша (ҚР заңнамалық актілеріне «112 БКДҚ» құзыреттерін ЖАО-ға беру мәселелері бойынша түзетулер)және 112 БКДҚ бірыңғай тұжырымдамасының жобалары қаралып, ұсыныстар жолданды.
Жүйе 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап әмбебап диспетчерлермен штаттық режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚР ІІМ 102 қызметтерінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, бекітілген ережеге сәйкес басқармамен«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының негізінде тұрғылықты жері бойынша облыс сайлаушыларының тізімін жасау жұмыстары қамтамасыз етіледі.
2018 жылы ҚР Орталық сайлау комиссиясына ақпарат беру және анықталған қателерді түзету бойынша барлығы 10 акт жасалды. Сайлаушылар тізімін өзектендіру бойынша қалалық/аудандық әкімдіктердің жауапты тұлғаларының жұмысы үнемі бақыланады, ай сайынғы негізде кеңестер өткізіледі.
«Ашық деректер»порталында деректерді орналастыру және өзектендіру бойынша.
Қызылорда облысы бойынша «Ашық үкімет» порталы мен жұмыс істеу үшін 623 жауапты тұлға бекітілді (Ашық НҚА-304, ашық бюджет-296, ашық деректер-23). Тізім үнемі өзектендіріледі.
Бөлім тоқсан сайын «ҰАТ» АҚ қызметкерлерімен бейнеконференц байланыс арқылы жауапты тұлғаларды оқыту ұйымдастырды.
Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Қызылорда облысының ашық деректер тізімі 92 пункттен тұрады. Қазіргі уақытта 96 түрі бойынша (оның ішінде 4-і пайдаланушылардың және ОМО сұрауы бойынша) деректер орналастырылды. Ашық деректер порталында бекітілген гистограммаға сәйкес осы тапсырманы жүзеге асыру бойынша Қызылорда облысы 100% құрайды.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша.
Халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін 78,5%-ға дейін арттыру мақсатында 2018 жылы 368 жаттықтырушы 50583 облыс тұрғындарын оқытты, жоспар бойынша 49 850 адамды құрады. Атап айтқанда:
- базалық цифрлық дағды бойынша 9710 адам;
- электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер бағыты бойынша - 20439 адам;
- азаматтарға арналған «Ашық үкімет» қосымшаларын қолдану дағдысын арттыруға негізделген курс бойынша - 17850 адам;
- электронды сауда курсы бойынша - 2584 адам.
Жобалық басқару шеңберінде 2018 жылдың наурызында уәкілетті ОМО-мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ)саласының нысаналы индикаторлары бойынша жылдық жоспар бекітілді. Жоспарға қол жеткізу мәселелерін талқылау мақсатында аймақтың АКТ саласындағы ірі кәсіпорындармен кеңестер ұйымдастырылды. 
Тоқсан сайын нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы талдамалық анықтамалар дайындалды.
2019 жылға жоспарланған жалпы қаржысы 3 млрд. теңгені құрайтын 
25 жобаның тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталған жобалар 8 бағыт бойынша іске асырылатын болады, оның 5 «SmartCity» тұжырымдамасының негізгі бағыттары болып табылады.
 

 

Құрылған күні: 11-10-2018 10:07
Жаңартылған күні: 15-01-2020 16:20

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика