Облыстық жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 22 қазанында облыс әкімі аппаратының басшысы Ғ.М.Әміреевтің басшылығыменжобаларды қарау бойынша Облыстық жобалық кеңсеніңкезекті отырысы өткізілді.

Отырыстың күн тәртібінде жаңа жобаларды қарастыру, жобалардың аяқталуы туралы қорытынды есептері мен кейбір жобаларды «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесінен алып тастау бойынша мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша «Ашық әкімдік» жобасының ашылуы жөніндегі презентациясы таныстырылды. Аталған жобаның мақсаты Қызылорда облысының 7 ауданы мен Қызылорда қаласы әкімдері және 25 облыстық басқарма басшыларымен қоғам өкілдері арасындағы тұрақты диалог орнатуға бағытталған. Отырыстың қорытындысы бойынша аталған жоба Облыстық жобалық кеңсе мүшелерінің шешімімен Қызылорда облысы әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңес отырысында қарауға ұсынылды.

Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік сәулет-қала құрылысы бақылау басқармасы тарапынан «Қызылорда облысыбойынша халықтың құрылысты бақылау «HalyqMonitoring» жобасы,  Қазалы ауданы әкімдігі тарапынан екі жоба: «Әйтеке би кентінің № 249 мектеп-лицейінде ІТ-орталығын ұйымдастыру», «Қазалы қаласының № 16 орта мектебі жанынан қыш шеберлігі үйірмесін ұйымдастыру» жобаларының ашылуы жөніндегі презентациясы таныстырылды.Арал ауданы әкімдігі тарапынан ұсынылған «Арал ауданы, Құланды ауылдық округінде «Көкарал» консервіленген балық шығаратын шағын цех ашу» жобасының тәуекелдерін қарастыра отырып, пысықталғаннан кейін қайта ұсынылуға жіберілді.

Екінші мәселе бойынша 6 жобаның аяқталуының қорытынды есептері тындалды. Облыстық жобалық кеңсе мүшелеренің дауыс беруінің қорытындысы бойынша 4 жобаның қорытынды есебі «жоба ауытқусыз сәтті аяқталды» мәртебесімен, 2 жобанының  қорытынды есебі «жоба шағын кемшіліктермен сәтті аяқталды» мәртебесімен қабылданды.


 

2019 жылдың І жартыжылдығында Облыстық жобалық кеңсенің отырыстарында мақұлданған жобалар тізімі жүктеу


 2018 жылы Облыстық жобалық кеңсенің отырыстарында мақұлданған жобалар тізімі жүктеу

Орталық мемлекеттік органдар жобаларындағы аймақ бастамаларын жүзеге асырудың әлеуметтік әсері
Базалық индустриализация, 1 жоба (Өңдеу өнеркәсібін, тау кен саласын және жекелеген салаларды базалық индустриаландыру), өңірлік деңгейде 4 бастама іске асырылуда, (12 іс-шара).
Әлеуметтік-экономикалық әсер:
- «Фирма Балауса» ЖШС-де 158 адам жұмыс жасауда; 
- «РМЗ-Шапағат» ЖШС-де 2018 жылдың сәуір-тамыз айларында 2,0 м3 мыңнан аса темір бетондық өнімдер өңдірілді. 
АШК дамыту, 3 жоба («АШК субъектілері үшін қаржыландырудың қол жетімділігі», «Нарықтың қол жетімділігі және экспортты дамыту», «Инвестициялық жобалар»), 12 бастама (42 іс-шара).
Әлеуметтік-экономикалық әсер:
- ауыл шаруашылығын құрылымдаудың инвестициялық субсидиялар бағдарламасы бойынша 111 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын, 92 құдықты бұрғылау, 98 бірлік панелін сатып алуға мүмкіндік берілді.
- 1000 кәсіпорын, шаруа қожалығы және жеке кәсіпкерлер тіркелген. 200-ге жуық хабарландырулар мен жаңалықтар жарияланды.
Сауда саласын жаңғырту, 1 жоба («Сауданы дамыту»), 2 бастама (8 іс-шара).
Әлеуметтік-экономикалық әсер:
- 2018 жылы инвестицияларды игеру жоспары – 2 274,0 млн.тенге. Бүігінгі күнге игерілгені – 2 127,0 млн.тенге. «Бабас», «Гүлдана», «Сыбаға» базарлары жаңғыртылды және «ArayCityMall» сауда орталығы іске қосылды.
- «Электрондық коммерциядағы кәсіпкерліктің құзыреттілігін арттыру және бизнестегі цифрлық және қаржылық сауаттылықты арттыру» бағдарламасы аясында 273 адам оқытылды. 
Білім саласын дамыту, 1 жоба («Жаңа экономиканың жүргізу күші ретінде білім беру хабын дамыту»), 4 бастама (19 іс-шара).
Әлеуметтік-экономикалық әсер:
- 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламасының индикаторы 100% -ға орындалды;
-  Шиелі және Жаңақорған аудандарында 204 жаңа жұмыс орнымен 12 жеке бала бақша ашылды;
- 46 инновациялық мектептердің материалды-техникалық базасы жаңартылды;
- жаратылыстану ғылымдары бағытындағы оқушылардың жетістіктерін арттыру;
- Аққұм, Тоғысқан, Қожамберді, Жаңақорған, Айтеке би, Жосалы 6 елді мекендерінде 1800 оқушы орнының тапшылығын төмендету.
Денсаулық сақтау саласын дамыту, 1 жоба («Денсаулық сақтау саласын жаңғырту), 6 бастама (106 іс-шара).
Әлеуметтік-экономикалық әсер:
- жеке медициналық қызмет беруші ұйымдардың ТМККК және МӘМС-тегі үлесі - 51%;
- ТМККК және МӘМС шеңберінде жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыру үлесі - 9,7%; 
- 2018 жылғы 9 айдағы облыстық денсаулық сақтау саласының негізгі капиталына инвестициялардың көлемі 5035,5 млн. теңге немесе өсім 41,2%;
- 2018 жылдың 9 айында 36 шетелдік азамат облыстың медициналық мекемелерінде стационарлық емделді;
- амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген азаматтардың қанағаттану үлесі 95%-ды құрады;
- 9 айдың қорытындысы бойынша компьютерлік техникамен жарақтану 82,5% -ды, елді мекендердің интернет-ресурстарға қол жетімділігін 100% -ға дейін қамтамасыз ету, интернет-белсенді халықты мобильдік қосымшамен қамту 35% -ды құрайды.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, 1 жоба (Бизнестің жағдайын жақсарту, бизнес шығындарын төмендету және азайту), 3 бастама (64 іс-шара). 
Әлеуметтік-экономикалық әсер:
- кәсіпкерліктің негіздерінде 1864 жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысатын азаматтар білім алуда;
- 224 жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысатын азаматтар өз бизнесін бастау үшін гранттар алды;
- микронесиелермен 903 жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қамтылған; облыста өтеусіз гранттар мен микрокредиттердің нәтижесінде 1912 жаңа жұмыс орны құрылды;
- экономиканың әртүрлі салаларында 500-ден астам адам жұмыс істейтін 105 жоба іске қосылды;
- ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 1% артты. 2018 жылдың 9 айындағы ЖӨӨ-дегі ШОБ болжамды үлесі 14,2% -ды құрады;
- 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда облыста тіркелген кәсіпкерлік субъектілері санының өсімі 5,0% -құраған. (01.09.2018ж. жағдай бойынша 51 601, 01.09.2017 ж. жағдай бойынша 49 108 бірлік);
- белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсімі 11,3%-ға өсуі байқалады (1.09.2018 ж. жағдай бойынша 40 988 бірлік, 1.09.2017 ж. жағдай бойынша 36 835 бірлік). Аталған көрсеткіш бойынша аймақтар арасында облыс бірінші орында;
- инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды алуға құжаттарды ұсыну кезінде кәсіпкерлердің коммуналдық мекемелермен байланысы алынып тасталған;
- жер учаскелерін ресімдеу мерзімі қысқартылып, кәсіпкерлер үшін бизнес-процестер айтарлықтай оңтайландырылды;
- облыстық әкімдікте коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру жөніндегі комиссия құрылды. Жекешелендірудің негізгі қағидаттары - жекеменшіктендірудің заңдылықтары мен жекешелендіру объектілері туралы деректердің дұрыстығы үшін жариялылық, бәсекеге қабілеттілік, дәйектілік, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі.
Қаржылық тұрақтылық, 1 жоба («Инвестициялар тарту»), 2 бастама (37 іс – шара). 
Әлеуметтік-экономикалық әсер:
- өзара ынтымақтастық туралы 4 меморандум жасалды:
1 «Қызылорда облысының әкімдігі мен "Транстелеком" АҚ арасында»;
2 "Қызылорда облысының әкімдігі мен" Какаду Девелопмент " ЖШС (Татарстан Республикасы) арасында;
3«Astana Hub "IT-стартаптардың халықаралық технопаркі" корпоративтік қоры мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумы»;
4 «Қызылорда облысының білім басқармасы мен "БАРС Груп" АҚ (Татарстан Республикасы) арасындағы білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар мен цифрландыру саласын дамыту туралы  меморандумы».
- 9 айда 166,4 млрд.теңге игерілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,8%.
Нәтижиелі жұмыспен қамту, 1 жоба («Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту және еңбек ұтқырлығын дамыту»), 5 бастама (29 іс шаралар). 
Әлеуметтік-экономикалық әсер:
- халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және бейресми жұмыспен қамтылған халықты экономиканың көлеңкелі секторынан шығару. Жыл соңына дейін 16,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Ағымдағы жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% деңгейінде сақталады;
- экономиканың түрлі салаларында жұмыспен қамтылған азаматтар жалақысының өсуі;
- қызметкерлерді кәсіпорындарда процестерді жаңғырту немесе автоматтандыру нәтижесінде туындайтын әлеуметтік тәуекелдерден қорғау, қысқарған жағдайда немесе кадрларға қосымша қажеттілік жағдайында кәсіпорындарды қолдау;
- жұмыспен қамтамасыз ету - жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша-12660 адам, соның ішінде:
ТжКБ–ге - 500 адам; қысқа мерзімді курстарға - 1547 адам; "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша оқуға - 848 адам; шағын несие алуға – 927 адам, оның ішінде бағдарлама шеңберінде – 774 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына – 1010 адам; жастар тәжірибесіне – 2307 адам; қоғамдық жұмыстарға - 5521 адам. Солтүстік өңірлерге құрамында 344 адамы бар 92 отбасы қоныс аударды; 
- халықты жұмыспен қамту орталықтарының белсенді жұмыс форматына көшуі. Халықтың жұмыспен қамту органдарына деген сенімі. Еңбек нарығының ашықтығын қамтамасыз ету. Электрондық еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындары базасын кеңейту және азаматтардың өз бетінше жұмысқа орналасуына қол жетімділігін арттыру. Нәтижесінде электрондық еңбек биржасына 2752 жұмыс беруші немесе 123,8% (жоспар 885) қосылған, 12270 бос жұмыс орнын ұсынған. Яғни, осы бос жұмыс орындарының 87,1% - ы (10691 бос жұмыс орны) Жұмыспен қамту орталықтарымен қанағаттандырылды. Электронды алмасуда 601 бос жұмыс орны бар.

2018 жылы жергілікті атқарушы органдарға жобалық басқаруды ендірудің қорытындылары туралы
Жергілікті деңгейде жобалық басқаруды ендірудің Белгородтық моделі бойынша қалыптасқан «Облыстық жобалық кеңсенің» жұмысы жалғасуда. 
2018 жылы Облыстық жобалық кеңсенің 15 отырысы, облыс әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңестің 3 отырысы өткізілді. 
2018 жыл ағымында облыстық басқармалар мен аудандар мен Қызылорда  қаласы әкімдіктерінен 120 жоба қарастыруға ұсынылған. Олардан, Облыстық жобалық кеңсе отырысымен 75 жоба жүзеге асырылуға мақұлданған. 
Бүгінгі күнге барлық жүзеге асырылуға мақұлданған жобалар күнделікті мониторинг жүргізу үшін «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктелген. Барлық ұсынылған жобаларды келесідей құрылымдау бойынша жұмыстар атқарылды: «Бастамашылық жобалар» - 24, «Бюджеттік инвестициялық жобалар» - 19, «Цифрландыру аясындағы жобалар» - 24, МЖӘ және «ӘКК «Байқоңыр» (Байконур)» аясындағы жобалар – 5.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 31 жоба аяқталған, оның ішінде 3 басым жобалары, жыл соңына дейін 11 жоба аяқталады деп күтілуде. 
 
Құрылған күні: 06-12-2018 08:39
Жаңартылған күні: 25-10-2019 18:35

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика