«Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы жалпы ақпарат
 
Байланыс мәліметтері
Қабылдау бөлімі: тел.: 8(7242) 40-11-91 (ішкі 7904)
Сенім телефоны:  8(7242) 40-11-91 (ішкі 7906)
Пошталық мекен-жайы: индекс 120003, Қызылорда, Сұлтан Бейбарыс көшесі 1
Электронды пошта: uctko@korda.gov.kz 
 
Жалпы мәлімет
1. «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысының цифрландыру, жобалық басқару және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 
құрылыс 1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

 

Құрылған күні: 11-10-2018 08:07
Жаңартылған күні: 14-08-2019 18:35

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика