Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесі

13.12.2019 жыл.


Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2019 жылдың III-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыс туралы АҚПАРАТ
2019 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Н.Жакудаев Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Бүгінгі күні басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.
Алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
 

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасымен 2019 жылдың 2 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқықтық оқытулар өткізілді. Құқықтық оқытуда мiндеттi оқуда тұрақты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң әдеп кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша сабақтар жүргiзiлді,.

Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері Басқарма қызметшілеріне таныстырылды.


Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасымен 2019 жылдың 1 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі

Басқарма қызметкерлеріне жыл басынан бері әр бағытта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда тұрақты түрде семинарлар және түсіндірме жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне жоғарыда аталған заңнамаларды сақтамай бұзушылықтарға жол берген жағдайда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгендігі ескертіліп, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу тапсырылды.


Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2018 жылы

 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

Басқармамен 2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырылды. Басқармада профилактикалық мақсатта үнемі өткізіліп тұратын құқықтық оқуларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары үнемі талқыланып отырылуда. Ұжым қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу жұмыстары басқарма басшысының тікелей бақылауына алынған.
Аталған аралықта басқарма қызметкерлері тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.
 
Құрылған күні: 11-10-2018 10:22
Жаңартылған күні: 06-01-2020 17:05

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика