Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ақпарат

 

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Халықтың цифрлық сауаттылыққа оқыту Әдістемесі» (одан әрі - Әдістеме) әзірленіп, 2017 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №827 Қаулысымен бекітілді.  Әдістеме барлық категориядағы тұрғындардың цифрлық дағдыларын арттыру арқылы оларды кәсіби және күнделікті өмірде қолдану мақсатында әзірленген.

2018 жылы тұрғындардың цифрлық сауаттылығын  78,5 %-ға жеткізу мақсатында 49850 адамды оқыту жоспарланған болатын. Жалпы алғанда 368 тренер 2018 жылдың 3 мамырынан 17 тамызына дейін 50583 облыс тұрғынын оқытып, облыстық статистика департаментінің есебіне сәйкес халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 78,6%-ды құрады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 80%-ға жеткізу үшін 10500 адамды оқыту белгіленді.

Алайда, аталған көрсеткіштен асыру мақсатында 25 000 адамды оқыту жоспарланған. Атап айтқанда:

- базалық цифрлық дағды және ақпараттық қауіпсіздік негіздері бойынша - 9100 адам;

- электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер бойынша- 9100 адам;

- азаматтарға арналған «Ашық үкімет» қосымшаларын қолдану дағдысын арттыруға негізделген курс бойынша - 5000 адам;

- электронды сауда бойынша - 1800 адам.

         Мемлекеттік бағдарлама аясында халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту курстарының жүргізілуіне байланысты видеороликтер ү.ж. 27 мамырдан бастап халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімдерінде, медициналық ұйымдарда, әуежайда, сонымен қатар 3 маусым-31 тамыз аралығында «Qyzylorda» облыстық телеарна эфирінде күніне 2 рет жиілікпен көрсетілуде. Облыс, қала және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында курстардың жүргізілуі жөнінде  қазақ және орыс тілдерінде 9 хабарландыру және «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы»,  «Шарайна», «Ақмешіт апталығы» атты жергілікті басылымдарда цифрлық сауаттылық курстары жөнінде мақалалар жарияланды.

 

 


Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша

АНЫҚТАМА

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Халықтың цифрлық сауаттылыққа оқыту Әдістемесі» (одан әрі - Әдістеме) 2017 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №827 Қаулысымен бекітілді. Әдістеме барлық категориядағы тұрғындардың цифрлық дағдыларын арттыру арқылы оларды кәсіби және күнделікті өмірде қолдану мақсатында әзірленген. 
Әдістеме 4 бағытқа негізделіп, бүгінгі таңда оқу курстары толығымен аяқталды. Жалпы алғанда 368 тренер ү.ж. 3 мамырынан 17 тамызына дейін 50583 облыс тұрғынын оқытты. Атап айтқанда:
1. Базалық цифрлық дағды тұрғындардың базалық білімін және базалық ақпараттық-коммуникациялық құрылғыларды қолдануға бағытталды. Облыс бойынша 9710 адам қала/аудан мектептерінің базасында 255 информатика пәні мұғалімдері есебінен оқытылды. Базалық оқу курсын жүргізуге 2 ауданның (Арал, Сырдария) бюджетінен 2,3 млн теңге қарастырылды. Қалған аудандар (Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған) мен Қызылорда қаласы бойынша оқу-семинарлар тегін түрде ұйымдастырылды;  
2. Электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер бағытындағы курс барлық категориядағы тұрғындардың түрлі ақпараттық жүйелерден электронды мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын арттыруға негізделді. Аталмыш курс бойынша 20439 адамды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның 9 қызметкері мен 48 қала/аудандық колледж мұғалімдері тегін түрде оқытты.; 
3. Азаматтарға арналған «Ашық үкімет» қосымшаларын қолдану дағдысын арттыруға негізделген курс бойынша 17850 адамды қала/аудан мектептерінің базасында 201 информатика пәні мұғалімдері және 41 қала/аудандық колледж мұғалімдері, 2 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қызметкері оқытты.
4. «Қазпошта» АҚ-ның 8 қызметкері халықтың электронды сауда бойынша білімін және қолдану деңгейін артыруға арналған курсты 2584 тұрғын үшін тегін түрде жүргізді. 
Онымен қоса, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сі «Ақпараттық жүйелер, ресурстар және зерттемелер» бөлімінің қызметкерлерімен курс тыңдаушысын тестілеуге мүмкіндік беретін мобильдік және web-қосымша әзірленді. Ол өз кезегінде курстарды меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту курстарының жүргізілуіне байланысты ү.ж. 28 мамыр – 31 тамыз аралығында Qyzylorda облыстық телеарна эфирінде күніне 2 рет жиілікпен видеороликтер көрсетілді. Облыс, қала және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында курстардың жүргізілуі жөнінде  қазақ және орыс тілдерінде 9 хабарландыру және «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Шарайна», «Жаңақорған тынысы», «Ақмешіт апталығы» атты жергілікті басылымдарда цифрлық сауаттылық курстары жөнінде мақалалар жарияланды.
Оқу курстарын жүргізу бойынша сауалдарға жауап беру мақсатында call-орталық құрылып, аудан/қала әкімдігінің 11 қызметкері бекітілді. Бүгінгі күнге цифрлық сауаттылыққа оқыту жөнінде облыс тұрғындарынан 25 сұрақ келіп түскен.
Облыстық статистика департаментінің талдауына сәйкес, 2018 жылдың қорытынды есебі болжамды түрде 2019 жылдың наурыз-сәуір айында нақтыланатын болады.
Согласно анализу областного департамента статистики, что окончательный отчет 2018 года будет уточнен в марте-апреле 2019 года.
 
Құрылған күні: 11-10-2018 10:31
Жаңартылған күні: 18-07-2019 18:20

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика