Даужанов Нәби Тоқмырзаұлы

Қызылорда облысының цифрлық технологиялар

басқармасының басшысы

 

Қызылорда облысы әкімінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 50-Ө өкімімен тағайындалды.

 

Алдында осы қызметте болған: 

Ақжігітова Индира Сансызбайқызы

 

Қабылдау кестесі

Сұрақ қою

Функционалдық міндеттері

  • Басқарманың цифрландыру, жобалық басқару, мемлекеттік қызмет көрсету негізгі функциялары бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы көздерін қарастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.  
  • Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларға осы негізгі салаларды іске асыру үшін бөлінісін жасайды. Бөлінген қаржыға бухгалтерлік есеп жүргізілуін, қаржылық есептерді уақытылы және сапалы жүргізілуін, қаржының тиімді және толық игерілуін қадағалайды.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңы талабына сәйкес цифрландыру, жобалық басқару, мемлекеттік қызмет көрсету негізгі функциялары бойынша жобаларды жүзеге асыру мақсатында және материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржыға жұмыстарды және қызмет түрлеріне сәйкес мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілуін қадағалайды. 
  • Басқарма қызметін ұйымдастырады және жалпы басшылық жасайды, орынбасары мен басқарма қызметшілерінің қызметтік өкілеттілігін айқындайды. 
  • Экономиканың негізгі салаларында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және дамытуды үйлестіреді.
  • Мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды ендіру бойынша жұмыстарды үйлестіреді, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының мақсатты индикаторларына қол жеткізу, тиімділіктің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу және жобалық бастамалар бойынша жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы бойынша есептерді қалыптастыру бойынша талдау жасайды және мониторингті жүзеге асырады;
  • Апараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бірыңғай талаптардың орындалуын, сондай-ақ ақпараттандыру сервистік моделін жүзеге асыру ережесін қамтамасыз етеді. 
  • Облыс аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, сапасын арттыруды, жобалық басқару аясында орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру және жергілікті атқарушы органдарында жобалық қызметтерін әкімшілендіру, жобаларды басқарудың барлық кезеңінде жобаларға бақылау жасайды және талдау жұмыстарымен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
  • Басқармалар мен ведомстволардың, басқа да жергілікті атқарушы органдардың облыстың дамуына арналған мақсатты аймақтық бағдарламаларын әзірлеуін және орындалуын бақылайды. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды. Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады.
  • Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді.
  • Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді.
  • «Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау әдiстемесiне» сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету және мемлекеттік органдардың ашық болу деңгейі бойынша тиімді шараларды қабылдайды.
 

Өмірбаяны

Н.Т. Даужанов 1964 жылы 21-ші қазанда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында дүниеге келді;

1983-85 ж. - Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті;

1985-1990 ж. - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында оқыды, инженер-құрылысшы;

1991 ж. - Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері  институтының ғылыми қызметкері;

1991-1995 ж. - Ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және технологиялық институтының аспиранты, РФ, Мәскеу қ.;

1995 ж. - техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады, РФ, Мәскеу қ.;

1995-1996 ж. - Ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және технологиялық институтының ғылыми қызметкері, РФ, Мәскеу қ.;

1996 ж. - Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының аға оқытушысы;

1997 ж. – Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының Ақпараттық -есептеу орталығының бастығы;

1998 ж. - Канаданың Оңтүстік Альберта технологиялық институтында ақпараттық технологиялар бойынша іс-тәжірибеден өтті;

2007-2010 ж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқыды, «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша бакалавр;

2009 ж. - Малайзияда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша «Есептегіш машиналар және жүйелер» мамандығы бойынша ғылыми іс-тәжірибеден өтті;

1998-2011 ж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы;

2010 ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы берілді;

2011-2013 ж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ақпараттық технологиялар және қашықтықтан оқыту жөніндегі проректоры;

2015-2018 ж.- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Политехникалық, Инженерлі-технологиялық факультеттерінің деканы;

2016 ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының «Қазақстанның құрметті инженері» төс белгісімен марапатталды;

2018 ж. – Құрылыс индустриясы саласындағы сіңірген еңбегі үшін Ресей Инженерлік академиясының И.А.Гришманов атындағы сыйлығының лауреаты атағы берілді;

2018-2019 ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, Нұр-Сұлтан қ.;

2019 ж. - Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі.

 

 

Құрылған күні: 09-11-2018 14:24
Жаңартылған күні: 31-12-2019 12:54

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика