2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама

Жүктеу


Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды)

іске асыру туралы 2018 жылғы есебі

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін 2018 жылы «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне барлығы 499543,0 мың теңге қаралып, 499423,9 мың теңгесіне атқарылды (100%). Игерілмегені 119,1 мың теңге.

Басқарманың қызметін қамтамасыз ету үшін «Жергілікті деңгейде ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, жобалық басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 743 001 000 бюджеттік бағдарламасына облыстық бюджеттен қаржыландыру жоспарына сәйкес 9586,0 мың теңге бөлініп, төленген міндеттемелер 9585,9 мың теңгені құрады, төлемдер мен міндеттемелер бойынша пайдаланылмаған қаржы 0,1 мың теңгені құрап, орындалуы 100%.

Үнемдемделген қаржы ағымдағы ерекшеліктер қалдығы есебінен пайда болды. Бюджеттiк бағдарламаның тікелей және түпкiлiктi көрсеткіштер нәтижесі 100 % қол жеткізі.

«Ақпараттық технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету» 743 008 000 бюджеттік бағдарламасына 483337,0 мың теңге қаралып, 483218,0 мың теңгесі игерілді (100%), игерілмеген 119,0 мың теңге ерекшеліктер бойынша ағымдағы қалдықтар нәтижесінде үнемделген қаржы қалдығы. Жыл ішінде мемлекеттік басқаруды және автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді ұсыну процестерін автоматтандырудың сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша жұмыс үйлестіру жүргізілді, мекеменің үздіксіз жұмыс істеуі үшін тауарлар мен жабдықтар, ақпараттық ресурстар мен бағдарламалық өнімдер сатып алынды.

«Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» 743 032 000 бюджеттік бағдарламасына бөлінген 6620,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Бюджеттiк бағдарламаның түпкiлiктi нәтижесі, ақпаратты криптографиялық қорғау құралын сатып алу көрсеткіштің орындалу пайызы 100 % қол жеткізді.

 2019 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік мекеме бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар қалыптаспаған.

 

Құрылған күні: 20-11-2019 10:57
Жаңартылған күні: 27-11-2019 17:38

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика