Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2019 жылдың 3 тоқсанына арналған аналитикалық ақпараты
 
Жобалық басқару
 
2019 жылғы 14 қазанындағы жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінен 141 жоба бастамалары келіп түскен. Оның ішінде 77 жоба жобалар тізілімінен алынып тасталды, 28 жоба пысықталуда.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында бөліммен Облыстық жобалық кеңсенің  отырысын өткізу ұйымдастырылды. Облыстық жобалық кеңсенің қарауына  «Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында «ZemControl» есепке алу мен мониторингтің электрондық нұсқасын енгізу жобасының  аяқталуы жөніндегі есебі, «Тереңөзек кентінде АГРС-тан «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан газ құбырын бұру-газ құбырын салу» жобасының басқару кестесіне өзгеріс енгізу және 6 жаңа бастамалар жобасы ұсынылды.
Жобалық басқару бөлімімен «Ашық әкімдік» жобасы әзірленуде, ол танымал әлеуметтік желілерде жеке аккаунттар құру және халықпен және қоғам өкілдерімен жеке бейресми кездесулерге қатысу арқылы жергілікті атқарушы органдардың қоғам өкілдерімен, халықпен коммуникациясын құруды көздейді.
 
ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ
 
Білім беру саласында:
-Мектептергекомпозиттік электрондық қызметтердіқабылдау, жеңілдікпен тамақтандыру, лагерьге жіберу және балалардытасымалдау;
-Білім беру саласындағы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың ақпараттық жүйесі;
-Кәсіптік және техникалық білім беру процесінжәнемемлекеттік қызметтердің7 түрінавтоматтандыру.
Денсаулықсақтаусаласында:
-QR-код енгізе отырып, медициналық анықтамалардың қауіпсіздігін қамтамасызету;
-10 ультрадыбыстық аппараттарды жеткізу және орнату арқылы денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту.
Көліксаласында:
-Электрондық билеттеу;
-Ақпараттық табло орнату;
-Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі;
Қауіпсіздік саласында:
-Қызылордақаласы ЖБО-да бейнекамераларорнату;
-ЖҚЕ тіркеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату, жаңғырту және қызмет көрсету;
-Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі;
-Е-УД электрондық қылмыстық іс жүргізу;
ТҮКШ саласында:
- Smart квартал;
-Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыруды жаңғырту;
- е-КСК;
Ауылшаруашылығы саласында:
-AkmayaSmartFarm;
-Автоматтандырылған жоғары технологиялық жылыжай кешені;
Әлеуметтік саланында:
-Электрондық еңбек биржасы және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (e-HR).
Экология саласында:
- Қоқыстасығыштарды диспетчерлендіру.
Ақылды басқару бағытында:
-SmartҚызылорда;
-112 бірыңғай кезекшідиспетчерлік қызметі;
-109 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі;
-Өңірлік геоақпараттық жүйе;
-Қызылорда облысының 77 мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізу;

 

-ІТ-Эшелон.
 

 


Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2019 жылдың 2тоқсанына арналған аналитикалық ақпараты

Жобалық басқару

2019 жылғы 5 шілдедегі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінен 128 жоба бастамалары келіп түскен. Барлық бастамашылық өтінімдер зерделенді, жобалық құжаттамаға сәйкес келмейтін (21), қаржыландыру мәселесі шешілмеген (9), енгізудің өзектілігіне сәйкес келмейтін (10) бастамашылық өтінімдер, пысықтауға жалпы 40 жоба кері қайтарылды.

Іріктелген 88 жоба бойынша жобалардың мазмұны мен мағыналық құрылымы бойынша жобаларды пысықтауға, үлгілік нысандарды рәсімдеуге және жобаларды дайындауға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша келіп түскен 128 жобаның ішінен 20 жоба Жобалық бастамашылардың бастамасы бойынша тізілімнен алынып тасталды, 73 жоба пысықталуда.

Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында бөліммен Облыстық жобалық кеңсенің 4 отырысы өткізілді. Облыстық жобалық кеңсенің қарауына 6 жобаның аяқталуы жөнінде есептері шығарылды, 1 жобаны басқару кестесіне өзгерістер енгізу және 35 жаңа бастамалар жобасы (оның ішінде 31 жобаны іске асыруға мақұлданды: 2 қабылданбады, 2 жобаны пысықтау және кеңейту ұсынылды). Осылайша, ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 42 жоба іске асырылуда (2018 жылдан бастап ауыспалы 11 жоба, 2019 жылдың басынан мақұлданған 31 жоба).

Жобалық бастамалардың сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 15 мамыр мен 7 маусым аралығында бөліммен облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері үшін жергілікті жерлерге барып жобаларды әзірлеу бойынша консультациялық-әдістемелік оқыту өткізілді. Барлығы облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің 306 қызметкері (180 аудан әкімдігінен, 126 облыстық басқармалардан), оның ішінде бөлім басшылары, бас мамандар, ауылдық округ әкімдері оқудан өтті.

ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

2019 жылы "Smart city" тұжырымдамасының 11 бағыты бойынша 26 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде: республикалық бюджеттен - 1 жоба, жергілікті бюджеттен - 15 жоба, мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша - 7 жоба, жеке инвестор қаражаты есебінен -1 жоба және қаржы талап етілмейтін - 2 жоба.Оның ішінде, 17 жоба 2019 жыл соңына дейін жүзеге асырылу жоспарлануда, 9 жоба келесі жылдарға өтетін жобалар.

Білім беру саласында:

-Орта және кәсіптік-техникалық білім беру қызметтерін автоматтандыру: мектептерге композиттік электрондық қызметтерді қабылдау, жеңілдікпен тамақтандыру, лагерьге жіберу және балаларды тасымалдау;

-Білім беру саласындағы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың ақпараттық жүйесі;

-Кәсіптік және техникалық білім беру процесін және мемлекеттік қызметтердің 7 түрін автоматтандыру;

-Орта және мектепке дейінгі білім берудің бейнекамераларымен қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау саласында:

-"Ауруларды басқару бағдарламасы" функциясы бар ДАМУ-МЕД мобильді қосымшасын жетілдіру;

-"10 ультрадыбыстық аппараттарды жеткізу және орнату арқылы денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту";

Көлік саласында:

-"Электрондық билеттеу";

-"Ақпараттық табло орнату";

-"Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі";

Қауіпсіздік саласында:

-"Қызылорда қаласы ЖБО-да бейнекамералар орнату";

-"ЖҚЕ тіркеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату, жаңғырту және қызмет көрсету";

-"Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі";

-"Е-УД" электрондық қылмыстық іс жүргізу;

ТҮКШ саласында:

- "Smart квартал";

-"Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыруды жаңғырту";

- "е-КСК";

Бизнес саласында:

-"Өңірлік геоақпараттық жүйе";

Ауыл шаруашылығы саласында:

-"Akmaya Smart Farm";

-"Автоматтандырылған жоғары технологиялық жылыжай кешені";

Әлеуметтік саланында:

-"Электрондық еңбек биржасы және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (e-HR)";

Ақылды басқару бағытында:

-"Smart Қызылорда";

-"112 бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметі";

-"109 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі"; "ІТ-Эшелон".

Мемлекетік көрсетілетін қызмет бойынша

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2019 жылдың 1-жартыжылдығына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 192 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1 231 667 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

-              74 142 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы;

-              1 021 030 қызмет (92,6%) электронды түрде –, оның ішінде онлайн «электронды үкімет» веб-порталы және «ДамуМед» КМАЖ арқылы  -  388 889 қызмет (35,3%);

-              532 153 қызмет (57,9 %.) – өзге де ақпараттық жүйелер арқылы;

-              119 451 қызмет - мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде, оның ішінде 112 037 қызмет баламасыз түрде тек мемлекеттік органдар арқылы.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі мерзім бұзушылық фактілері.

2019 жылдың 5 айы қорытындысымен орын алған мерзім бұзушылықтар   саны – 13, оның 7-уі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысымен анықталған.

Аталған мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзып көрсеткені үшін                     8 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (оның ішінде 1-не 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды).

Мемлекеттік қызмет сапасына арыз-шағым түспеген.

 

Ішкі бақылау шараларына қатысты.

2019 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 140 объекті қамтылды. Оның ішінде:

-      64 жергілікті атқарушы органдар;

-      76 ведомстволық бағынысты мекемелер.

Анықталған заңбұзушылық фактілер – 1418.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 31 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (22-сіне – «Ескерту» түрінде, 9-на «Сөгіс» түрінде) .

Тәртіптік жауапкершіліктері қаралған тұлғалардың – 9-ы жергілікті атқарушы органдар қызметкері болса, 22-сі ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкері.

Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 208.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылғандар - 7684

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны – 225.

 

Электронды қызметтердің үлесін арттыру.

Электронды қызметтердің үлесін тұрғындарды электронды қызметтерді алуға ынталандыру арқылы арттыру мақсатында «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты ұйымдастырылып келеді.

2014 жылдан бері өткізілген 9 акцияға барлығы 31 519 адам қатысып, 534 ұтыс иегерлеріне 726 сыйлық (ұялы телефон, смартфон, планшет, ноутбук, телевизор) табысталды.

2019 жылы білім саласында 13 қызмет түрі автоматтандырылды.

Онымен қоса, жыл соңына дейін қосымша 16 қызмет түрін автоматтандыру жоспарлануда.


Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2019 жылдың 1 тоқсанына арналған аналитикалық ақпараты

 

Жобалық басқару

2019 жылдың басына Облыстық жобалық кеңсенің жобалар портфелі 2018 жылдың өтпелі 47 жобаны құрады. 2019 жылдың 1 тоқсанында 23 жоба аяқталды, оның ішінде 3 басым жобалар.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдіктерінен қарауға барлығы 41 жобалар келіп түсті. Барлық бастамашылық өтінімдер зерделеніп, типтік жобалық құжаттарға сәйкес еместері, қаржылық мәселелері шешілмегендері ендірудің маңыздылығы  сәйкес келмейтін жобалар ұсынушыларға пысықтау үшін кері қайтарылған.

Облыстық жобалық кеңсенің отырысына материалдар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына бөліммен Облыстық жобалық кеңсенің 4 отырысын өткізу ұйымдастырылды.

Облыстық жобалық кеңсе мүшелерінің талқылауына 23 жобаның қорытынды есептері, 8 жобаның басқару кестесіне өзгеріс енгізу ведомостері және 5 жаңа бастамалар жобалары ұсынылған, (оның ішінде 3 жоба мақұлданды:1 жоба кері қайтарылды, 1 жоба қайта қарауға жіберілді).Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 27 жоба жүзеге асырылуда (24 жоба 2018 жылдың өтпелі жобалары, 3 жоба 2019 жылда мақұлданған жобалар).

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесе отырып 8 жобаның басқару кестесіне өзгеріс енгізу ведомостін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.Жобалардың басқару кестесіне түзету енгізу бойынша жұмыстары жүргізіліп, өзгеріс енгізілген ведомостер «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктеуге жолданды.

Бөліммен тұрақты түрде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жобаларды әзірлеу, рәсімдеу және тәртібі бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізіліп отырады.

 

ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Ауыспалы және іске асырылып жатқан жобалар бойынша

2019 жылға 52 жоба жоспарланып отыр, оның 13-і ІТ парктің іс-шаралары аясында іске асырылатын болады.

Алдын ала қаржы көздері бойынша бюджеттік инвестициялар бойынша - 24 жоба,  МЖӘ механизмі - 9 жоба, жеке инвестордың қаражаты есебінен –

5 жоба және қаржылық шығынсыз – 1 жоба жоспарланған.

Көлік саласы бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған.

Атап айтқанда, қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру, төлемді қабылдау процесін сәйкестендіру, жолаушылар ағынын диспетчерлендіру және мониторингілеу мақсатында МЖӘ аясында мемлекеттің қатысуынсыз «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жүйесін орнату» жобасы жүзеге асырылатын болады. Жобадан күтілетін әсер көлік ұйымдарының жыл сайынғы табысы 270 млн.теңгеге артады.

Ауыл шаруашылығы саласында 2 жобаны іске асыру жоспарланған.

Дәл егіншілік элементтерін енгізу кезінде Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Шиелі ауданында «Ақмая» шаруа қожалығында оң нәтижелер алу күтілуде.

Бұдан басқа, инвестордың өз қаражаты есебінен Қызылорда қаласының Ақсуат ауылында «900 тонна қызанақ өсіру бойынша өнеркәсіптік жылыжай құрылысы» жобасын енгізу жұмыстары аяқталуда.

Жобаларды тиімді іске асыру мәселелері әзірленуде:

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 2 жоба, оның ішінде МЖӘ механизмі бойынша 1 жоба (Smart квартал, Қызылорда қаласының көшені жарықтандыруды жаңарту үшін, шамдарды интеллектуалды басқару жүйесі бар жарықдиодты шамдарға ауыстыру «Қызылорда қаласының көшені жарықтандыруды жаңарту» жобасы жоспарлануда»)

- Қауіпсіздік саласында МЖӘ арқылы 2 жоба (ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеудің автоматты жүйесін орнату, Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесін кеңейту).

Білім беру саласын цифрландыру мәселесі бойынша орта және техникалық-кәсіптік білім берудің 12 электрондық қызметін енгізу көзделіп отыр. Мектепке қабылдау бойынша композиттік электронды қызметтер, тегін тамақ беру, лагерьге жолдама беру және балаларды тасымалдау секілді қызметтерді автоматтандыру жоспарлануда.

 


Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының 2018 жылға арналған аналитикалық ақпараты

Жобалық басқару

2018 жыл бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен, Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдіктерінен қарауға барлығы 120 жобалар келіп түсті. Оның ішінде 80 жоба кеңсе отырысына ұсынылды. Барлық бастамашылық өтінімдер зерделеніп, типтік жобалық құжаттарға сәйкес еместері, қаржылық мәселелері шешілмегендері ендірудің маңыздылығы  сәйкес келмейтін жобалар ұсынушыларға пысықтау үшін кері қайтарылған.

Облыстық жобалық кеңсенің отырысына материалдар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бөліммен 2018 жылға Облыстық жобалық кеңсенің 15 отырысын өткізу ұйымдастырылды.

2018 жылы облыс әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңестің 3 отырысы өткізілді. Бөліммен облыс әкімінің орынбасарының жобалық басқару бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі әзірленді.

Бөліммен  «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесіне жүктелген 75 жоба бойынша ағымдағы жағдайғаталдау, орындалу мерзімін бақылау мен дәлелдейтін құжаттардың уақытылы жүктелуін қамтамасыз ету тұрақты жүргізіліп отырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқаруды ендірудің Орталық штабымен және Ұлттық экономика министрлігінің жобалық басқаруды ендірудің  Үйлестіруші штабымен  қарым-қатынас аясында, 2018 жылға бөліммен облыстық басқармалардың нысаналы индикаторларын, аймақтың бастамалық жобаларының жете жоспарларын және тиімділіктің түйінді көрсеткіштерін министрліктердің орталық ендіру штабтарымен келісу бойынша үйлестіру жұмыстары жүргізілді.

«БИТРИКС-24» жүйесінде аймақтың 2018 жылға 10 жобаның 38 бастамалары бойынша егжей-тегжейлі жоспарларының орындалу мониторингісі күнделікті жүргізілді.



ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 ақпандағы №827 қаулысымен бекітілген) және «Smart city» тұжырымдамасы аясында 2018 жылы Қызылорда облысы «Ақылды басқару» бағыты бойынша пилоттық аймақ болып таңдалды.

2018 жылы төмендегі салалар бойынша 3,5 млрд. теңге сомаға 29 жоба жүзеге асырылды:

Іске асырылған жобалар:

Білім беру саласы - 7 жоба («Электронды күнделік», «Электронды балабақша» Автоматтандырылған жүйесі, Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған онлайн-сабақтар, Робототехника зертханасы, Оқушылар сарайына арналған «3D зертхана», «IT iMAQORDA» ресурстық-әдістемелік орталығы, қала мен аудандарды 100% компьютерлік техникамен жабдықтау);

Денсаулық сақтау саласы – 5 жоба (GPS - санитарлық автокөліктің мониторингі, «Патронажды медбике» және «Ерте жастағы балаларды күту» мобильді қосымшалары, Телемедицина, Медициналық ақпараттық жүйелер, Электронды жазба және электронды кезек);

Қауіпсіздік саласы – 3 жоба (Е-қылмыстық іс, Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі, 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі);

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы - 2 жоба (Қауіпсіз үй, Коммуналдық қызметтердің бірыңғай төлем құжаты);

Ауыл шаруашылығы саласы - 3 жоба («MOBI-VET» мобильді қосымшасы, Агробиржа, Мал шаруашылығы саласында сандық технологияларды енгізу);

Қалалық басқару саласы – 6 жоба (Бірыңғай ситуациялық-талдау орталығы, Қызылорда қаласында IT паркін құру, Қызылорда қаласында «Мобильдік кітапхана», Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра нысандарының 3D форматында интерактивті картасын құру, Қызылорда облысының 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-кодтар орнату, Қызылорда облысының құрылыс саласындағы бақылау, мониторинг және кеңес берудің электрондық платформасын енгізу);

Бизнес саласы - 3 жоба (Геоақпараттық сервис, «КASIPKER-ONLINE» зияткерлік онлайн бизнес-ассистентін енгізу, Жер қызметтерін көрсету бойынша автоматтандырылған сервис);

 

Құрылған күні: 11-10-2018 10:52
Жаңартылған күні: 18-10-2019 12:22

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика