2019 жылы "Smart city" тұжырымдамасының 11 бағыты бойынша 28 жоба жүзеге асырылуда.

Білім беру саласында цифрландыру бойынша қарастырылған қаражат аясында композиттік электрондық қызметтері бойынша мектептерге қабылдау, жеңілдетілген тамақтану, лагерьге жолдама беру және балаларды тасымалдау жобалары іске асырылуда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін пилоттық режимде білім беру саласында қызметкерлерді жұмысқа алу бойынша жоба іске асырылуда. Ол білім беру саласындағы бос жұмыс орындарының электрондық тізілімінен бос орындарға электрондық өтінім арқылы педагогтарды іріктеу кезінде адал бәсекелестік құруға мүмкіндік береді.

Орта және мектепке дейінгі білім беруді бейнекамералармен қамтамасыз ету бойынша 2019 жылы стандарт бойынша 27 мектепті камералармен жабдықтау жоспарлануда. Әлеуетті өнім берушімен келісім шартқа отыру сатысында.

Денсаулық сақтау саласында цифрландыру бойынша "Ауруларды басқару бағдарламасы" функциясы бар ДАМУ-МЕД мобильді қосымшасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. "10 ультрадыбыстық аппараттарды жеткізу және орнату арқылы денсаулық сақтау объектілерін жаңғырту" жобасы бойынша МЖӘ шеңберінде конкурстық құжаттама әзірленуде.

Көлік саласында цифрландыру бойынша бейнекамералармен және GPS-құрылғылармен жабдықталған үлкенсыйымдылықтағы 120 автобус үшін "Электрондық билеттеу" жобасы жүзеге асырылуда. "Ақпараттық табло орнату" жобасы бойынша Қызылорда қаласындағы аялдамаларына 26 ақпараттық табло орнатылады. 20 өткелде "Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі" жобасы іске асырылатын болады. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

Қауіпсіздік саласында цифрландыру бойынша: МЖӘ механизмі бойынша бейнекамераларды орнатуға қойылатын ең төменгі талаптар бекітілгеннен кейін "Қызылорда қаласы ЖБО-да бейнекамералар орнату" (1400 бейнекамералар) жобасын іске асыру жоспарлануда. "ЖҚЕ тіркеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату, жаңғырту және қызмет көрсету" жобасы аясында МЖӘ механизмі бойынша ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеудің 31 жүйесін қосу жоспарлануда. "Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі" жобасы бойынша: бүгінгі күні әлеуетті жеткізушімен шарт жасалды, жеткізу күтілуде (129 планшет).

Сондай-ақ, "Е-УД" электрондық қылмыстық іс жүргізу үшін 24 автоматтандырылған жұмыс орны сатып алынады.

ТҮКШ саласын цифрландыру аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, "Smart квартал" жобасын іске асыру үшін есептеу құралдарымен жабдықтау үшін биыл Қызылорда қаласында 170 көп қабатты үй анықталды. "Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыруды жаңғырту" МЖӘ жобасы бойынша 2019 жылдың шілде айының соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы тарапынан сараптама жасалады деп күтілуде. Жоба 2019-2020 жылдары жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қызылорда қаласы бойынша 300 үйді "е-КСК" жүйесіне қосу жоспарлануда.

Бизнес саласын цифрландыру аясында "Өңірлік геоақпараттық жүйе" жобасын іске асыру жоспарлануда, ол азаматтарға үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді, ал сапалы цифрланған карталар туристерге жерді зерделеуге, инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру аясында 2 жоба жүзеге асырылуда:

Агросекторда цифрлық технологияларды енгізу және кеңінен тарату мақсатында биыл Шиелі ауданының "Ақмая" ШҚ базасында "Akmaya Smart Farm" дәл егіншілігінің сандық платформасы әзірленді және жобаны іс жүзінде іске асыру басталды.

Ағымдағы жылы көкөніс (қызанақ) өсіретін заманауи "Автоматтандырылған жоғары технологиялық жылыжай кешені" бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні испан әріптестерімен бірге жылыжай салынды.  

Әлеуметтік саланы цифрландыру шеңберінде: "Электрондық еңбек биржасы және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (e-HR)" республикалық жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақылды басқару бағыты бойынша: "Smart Қызылорда" жобасы арқылы шығындарды және ресурстарды тұтынуды төмендететін, қалалық қызметтердің сапасын, өнімділігін және интерактивтілігін арттыру, жұмыстарды ұйымдастыру және азаматтар мен әкімдік арасындағы байланысты жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мобильді қосымша тестілеу сатысында.

"112 бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметі" жобасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде келісім-шарт жасалды және облыстың барлық аумағында 112 қызметінің жұмыс істеуін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. "109 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі" жобасы бойынша әлеуетті өнім берушімен шарт жасалды.

Веб-бағдарламалау саласындағы фронтенд әзірлемелерге оқыту бойынша "ІТ-Эшелон" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба 6 айға есептелген. Жобаның құрамдас бөлігі кәсіпкерліктің базалық дағдыларына оқыту болып табылады. Жобаның жас құрамы 14-тен 35 жасқа дейін

 

Құрылған күні: 05-12-2018 16:25
Жаңартылған күні: 18-10-2019 17:53

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика