• Дата публикации: 25/12/2019 - 08:37
    Мазмұны:

    2019 жылдың 20 желтоқсанында облыс әкімі аппаратының басшысы Ғ.М.Әміреевтің басшылығымен жобаларды қарау бойынша Облыстық жобалық кеңсенің кезекті отырысы өткізілді.

    Отырыстың күн тәртібінде 6 жаңа жобалардын презентациясын қарастыру және 2 жобаның аяқталуы туралы қорытынды есептері қаралды.

    Бірінші мәселе бойынша, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Қызылорда қаласында автомобиль бамперлерін дайындау цехын ашу» жобасы, облыстық индустриялық инновациялық даму басқармасының «Қызылорда қаласында жоғары қысымды шыны пластикті желілік және компрессорлық құбырларды шығару зауытының құрылысы» жобасы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қызылорда облысының үздік шахматшылары мен қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен бір уақытта ойын сеансын өткізу» жобасы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының «QR-кодты бере отырып, медициналық анықтамалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Медициналық ұйымдарда деректерді мұрағаттау және беру үшін PACS жүйесін енгізу» жобалары бірауыздан жүзеге асыруға мақұлданса, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының «Қызылорда облысының аумағында әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құру» жобасы бойынша өндірістік кеңестер құрамына Құрылысшылар Ассоциациясы мүшелерін қосу ұсынылды.

    Екінші мәселе бойынша облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының «Күмәнді интернет-ресурстарға қарсы профилактикалық жұмысты ұйымдастыру» және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-нің 300 үйін е-КСК бағдарламасына қосу» жобаларының аяқталуының қорытынды есептері тыңдалды. Облыстық жобалық кеңсе мүшелерінің дауыс беруінің қорытындысы бойынша жобалар ауытқусыз сәтті аяқталды мәртебесімен қабылданды.

  • Дата публикации: 27/11/2019 - 15:03
    Мазмұны:

    Цифрландыру күні – бұл мемлекеттік сектор мен елдің бизнес-қоғамдастығы арасында цифрландыру бойынша тәжірибе мен идеялармен алмасуға арналған бірыңғай алаң.

    Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы және "Ақпараттық технологиялар орталығы" Сіздерді аталған шараға қатысуға шақырады.

    Тіркелу digitalday.orda.gov.kz сайтында. Толығырақ ақпаратты 8 776 293 66 99 телефоны арқылы алуға болады.

  • Дата публикации: 08/11/2019 - 15:35
    Мазмұны:

    Бүгін «Startup Sapary» бағдарламасы қорытындыланып,қатысушыларға сертификаттар табысталды.

    Шара соңында қатысушылар Astana Hub командасына өз алғыстарын білдірді.

  • Дата публикации: 07/11/2019 - 15:28
    Мазмұны:

    Бүгін Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің командасы Road Show аймақтардағы стартаптарды дамытудың «Startup Sapary» бағдарламасымен өңірімізге келді.

    Шараға 250-ден астам облыс және қала жастары қатысты. Шарада басқарма басшысы Н. Даужанов сөз алды.

    - Аймағымызда цифрландыру бағытында облыс әкімі Қ. Ысқақовтың қолдауымен,цифрлық технологиялар басқармасының үйлестіруімен көптеген жобалар жүзеге асуда. Ел дамуына үлес қосатын осындай шаралар жастар дамуы үшін үлкен қарқын болатыны сөзсіз. Ендеше, бүгінгі шарадан алатын білімдеріңізді ел игілігіне жұмсауға шақырамын, - деді Н. Даужанов.

    Бағдарлама барысында Astana Hub командасы қатысушыларға «Стартап мектебі» тегін курсын таныстырды. Сондай-ақ, IT-стартаптарды дамытудағы қажетті білім,дағдылар мен идеялар және оны табыс көзіне айналдыру мүмкіндіктері сөз болды.

    Бағдарлама екі бөлімнен тұрды.Бірінші бөлімде PR және маркетинг департаментінің директоры Даниэль Душманов Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қызметімен таныстырды. Технопарк 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құрылғанын атап өтті.

    Екінші бөлімде команда өкілі Насрулла Ахменов стартап, оны дамытудың жолдары, нарықтағы сұраныстағы компаниялар, Lean startup түсінігі және басқа да ұғымдар жөнінде айтты.

    Сонымен қатар, аймағымыздағы жас IT-стартап авторларымен арнайы кездесу өтті.Кездесуде жүзеге асырылып жатқан жобалар және оларды дұрыс дамыту жолдары талқыланды.

    Айта кетсек, бағдарлама екі күнге жалғасады.

  • Дата публикации: 15/10/2019 - 18:46
    Мазмұны:

    Ү.ж. 14 қазан күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында басқарма басшысы Даужанов Нәби Тоқмырзаұлының баспасөз конференциясы өтті.

    Басқарма басшысы аймақты цифрландыру аясында атқарылған жұмыстарға және жоспарланған іс-шараларға тоқталды.

    -2018 жылы өңірді цифрландыру аясында

    29 жоба толық жүзеге асырылса, 2019 жылы «Ақылды» қалалардың эталондық стандартына сәйкес 9 бағыт бойынша («Білім беру», «Денсаулық сақтау», «Көлік», «Қауіпсіздік», «ТКШ», «Қалалық басқару», «Экология», «Ауыл шаруашылығы» және «Әлеуметтік сала») 28 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда жоспарланған жобалардың 8-і толық аяқталды, 11-і жыл соңына дейін аяқталатын болады, ал қалған 9-ы келесі жылдарға ауыспалы жобалар, - деп атап өтті Н. Даужанов.

    ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасына сәйкес қараша айында «Астана Hub» халықаралық ІТ стартаптар технопаркімен бірлесіп аймағымызда

    «Роуд Шоу» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында «Цифрландыру күні» іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланып отырғындығын айтып өтті.

    Нәби Тоқмырзаұлы «Роуд Шоу» іс-шарасында «Астана Хаб» өкілдерімен ІТ-компаниялар, жеке бағдарламалық өнім өндірушілер, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, әлеуетті демеушілерді стартап жобаларға тарту бойынша тәжірибе алмасу жоспарланып жатқандығына арнайы тоқталды.

    Сонымен қатар, желтоқсан айында «көлік» саласын цифрландыру бойынша жолаушылардың автобустарды күту уақытын үнемдеу, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, автобустардың жұмыс уақытын, қозғалыс жылдамдығын, жиілігінің сақталуын қадағалау мақсатында қаланың қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жүйесі енгізіледі. Ал қаладағы аялдамаларға 26 ақпараттық табло және 20 өткелде «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі» орнатылатындығы айтылды.

    Жиын соңында басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

  • Дата публикации: 15/10/2019 - 16:29
    Мазмұны:
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябағында «Ағаш отырғызу» акциясы өтті.
    Акцияға Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің қызметкерлері қатысты. Ұжымымыз белгіленген аумақтарда ағаштар отырғызып, қаламыздың көркейіп-көгалдануына өз үлестерін қосты.
  • Дата публикации: 15/10/2019 - 16:23
    Мазмұны:
    Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Н. Даужанов және «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры С. Ибадулла Astana Hub - IT-стартаптардың халықаралық технопаркіне  барды.
    Astana Hub – тің миссиясы - инновациялық жобаларды дамыту, серпінді IT-компанияларды шығару, сондай-ақ бүкіл әлемнің жас және талантты IT-мамандарын тарту орталығына айналу.
    Кездесу барысында Қызылорда қаласында Road Show бағдарламасын өткізу мәселелері талқыланды. Айта кетсек, Қызылорда қаласы 2019 жылғы Road Show бағдарламасын өткізу үшін таңдалған 5 қала тізіміне кіреді.
    Astana hub өкілдері Қызылорда облысын технопарктің жұмысымен танысуға келген алғашқы облыс екенін атап өтті.
    Кездесудің басты тақырыбы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау және өңірлік стартап жобаларды дамыту, сондай-ақ бизнес жолында жобаларды бірлесіп іске асыру болды.
    Astana Hub тарапынан Digital Bridge 2019 халықаралық форумына ресми шақырту алынды.
  • Дата публикации: 15/10/2019 - 15:41
    Мазмұны:
    2019 жылы 11 қазанда цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Н. Даужанов пен «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры   С. Ибадулла Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің  «iKOMEK109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметімен танысты.
    «IKOMEK109» мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жетекшісі Дубирова Жаннат орталықтың жұмысымен таныстырды.
    Орталық миссиясы - жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін қалалық сервистерді біріктіру, тұрғындардың елорда дамуына белсенді атсалысуы үшін алаң ұсыну.
    Кедесу барысында «iKOMEK109» және Қызылорда қаласының 109 бірыңғай байланыс орталығы қызметтерінің тәжірибе алмасу мәселелері, сондай-ақ екі жақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
  • Дата публикации: 15/10/2019 - 15:19
    Мазмұны:
    Ағымдағы жылдың 11 қазанында Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратында «Ашық әкімдік» жобасы аясында облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен «Басшы жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбындағы семинар өткізілді.
    Семинарды арнайы шақырылған жобалық менеджер, бизнес-тренер, коуч – Елена Кириленко жүргізді. Семинар барысында қосымша оқытылатын, көпшілік алдында сөз сөйлеу, көшбасшылықты, команданы табысты басқару дағдыларын дамытатын тақырыптар ұсынылды.
  • Дата публикации: 15/10/2019 - 15:08
    Мазмұны:
    Ағымдағы жылдың 12 қазанында Достық үйінде «Ашық әкімдік» жобасы аясында банк секторы мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері, бизнес-құрылымдары мен қоғамдық өкілдердің қатысуымен «Бизнес-модель элементтері» тақырыбындағы семинар өткізілді.
    Семинарды арнайы шақырылған жобалық менеджер, бизнес-тренер, коуч – Елена Кириленко жүргізді. 
    Семинар барысында қосымша оқытылатын, көпшілік алдында сөз сөйлеу, көшбасшылықты, команданы табысты басқару дағдыларын дамытатын тақырыптар ұсынылды.

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика